6. Тамақтандыру тәртібі: аралас тамақтандыруда, тамақтандыру сағаттары мен аралық
үзілістері, табиғи тамақтандырудағыдай болып қалады;
7. Аралас тамақтандыруда тиісті тамақ мөлшері көлемдік және калориялық
тәсілдермен есептеп шығарылады;
8. Бейімделмеген сүт қоспаларын қолданғанда, барлық қосымша тамақ түрлерін табиғи
тамақтандырудағыдан 2-4 апта ерте қосады.
1.9.8. БІР ЖАСТАН АСҚАН БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Бала бір жастан асқанда қарқынды дамуы жүре береді, жекелеген жүйелер мен
мүшелер, орталық нерв жүйесі басшылық ететін организмнің барлық өмірді қамтамасыз
ететін іс-әрекеттері өсіп жетіледі.
Организмнің бейімделу (адаптациялық) және компенсаторлық механизмдері 2-3
жастан кейін одан әрі дами бастайды. Баланың өсуіне, дамуына сыртқы орта әсер етеді.
Организмнің сыртқы ортамен тығыз байланыстылғының педиатрияда маңызы үлкен. Бұл
тұрғыда баланы тамақтандырудың маңызы үлкен болып келеді, үйткені тағамдық
заттардың әсерінен организмнің ішкі ортасының қасиеті өзгеріп отырады. Солай бола
тұрса да жастан асқан баланың ас қорыту жүйесінің қабылеті арыта түседі, тамақтың
дәмін ажырату мүмкіндігі өсіп жетіледі. Жүйке-жүйесінің дамуына байланысты тамақтану
кезіндегі қоршаған ортаға, дастарғанның ұйымдастыру жағдайына, тамақтың түрлеріне
баланың өзіндік жауабы болады. Қарынның механикалық тітіркенуі асқазанның сөліністік
әрекетіне әсер етеді. Осыған орай, берілетін тағам мөлшері асқазан сиымдылығына сай
келуі керек
(47, 48 кестелер).
55 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: