ІІ Т А Р А У Н Е О Н А Т О Л О Г И Я 2.1. ДДҰ-НЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ НЕОНАТОЛОГИЯДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ Қазақстанда ДДҰ-мен 2 бағдарлама енгізілуде:
1. Балалық кезеңдегі ауруларды саралап жүргізу:
Дамып келе жатқан көптеген мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесінің
диагностикалық мүмкіндігі жеткіліксіз. Қажетті материалдарға және құрал жабдықтарға
қажеттілік қанағаттандырылмағанда, науқастар тұрақты келіп тұрмағанда, олардың күрде-
лі науқастарды тексеру мүмкіндігі төмендейді. Бұндай жағдайда медицина қызметкерлері
медициналық тактиканы анықтау үшін, тек қана анамнезге, аурудың клиникалық
белгілеріне жүгінуге мәжбүр болады. Бұндай жағдайда балаларға қажетті сапалы деңгейде
медициналық көмек көрсету мүмкін болмай қалады. Осы мәселені шешу мақсатында ДДҰ
мен ЮНИСЕФ Балалық кезеңдегі балалар ауруларын саралап жүргізу (БКАСЖ)
стратегиясын дайындады. БКАСЖ стратегиясы бұдан он жыл бұрын ұсынылған болатын.
БКАСЖ негізінен емдік көмек көрсетуге бағышталған болғанмен, науқасты жүргізуді,
оның ішінде тамақтануды, иммунизацияны және аурулардың алдын алу шараларын,
денсаулық сақтауды уағыздауды жақсартуға бағышталған. Сонымен, БКАСЖ, ортасында
баланың денсаулығы тұрған, балалардың денсаулығын сақтауды кешенді қарастыру болып
келеді.
2. Қауіпсіз ана болу және тиімді перинатальдық күтім. «Қауіпсіз ана болу»
инициативасы 1987 жылы басталды. Бұл әйелдерге жүктілік кезінде, босану және
босаннғаннан кейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетуге бағышталған халықаралық
бағдарлама. Бұл инициатива 2000 жылы аналар өлімін 50%-ға дейін азайтуға жұмсалатын
медициналық қоғамның күшін қарқындату үшін жасалған.
«Қауіпсіз жүктілік» бағдарламасы іске аспасада, халық аралық күштер бұл мәселеге
жұмылдырылды. «Қауіпсіз ана болу» инициативасын енгізу тәжрибесіне сүйене отырып,
ДДҰ-ның жаңа «Қауіпсіз жүктілік» инциативасын енгізу 2000 жылы басталды. Бұл
бағдарламада негізінен денсаулықты сақтау бөліміне жұмылдырылған. Оның негізгі
мақсаты барлық аналарға және олардың балаларына, бірден туылғанға кейін
мамандандырылған көмек көрсету болып келеді.
Мамандандырылған көмекке жүктілік кезінде, босану кезінде және босанғаннан
кейін әйелге және оның баласына аккредитацияланған және компетентті, жүйелер мен
мүшелердің қызметін қамтамасыз етуге, медициналық мекемелермен келісіммен науқасты
басқа мекемеге аударуға қажетті көліктерді қоса, қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз
етілген, медициналық қызметкерлердің көмегі жатады. Мамандандырылған күтім
кезкелген медицина қызметкерлерімен жасалу мүмкін. Мамандықтың немесе лауазымның
әртүрлі мемлекетте әртүрлі аталуы мүмкін, сондықтан шатасып кетпес үшін, бұл
мамандарды «мамандандырылған қызыметкер» немесе «босануда қатысушы
мамандандырылған адам» деп атауға келісілген.
329
ДДҰ, акушерлер халықаралық қауымдастығы және акушер-гинекологтар
халықаралық федерациясы босану кезінде, босану және босанғаннан кейін бірден күтім
мамдандандырылған қызметкерлермен жасалуын уағыздайды.