Нан тәуліктік тамақтың негізгі бөлігі, оның мөлшері негізгі тамақтың түріне
байланысты болады. Ерте жастағы балалар нанды 100-150 грамнан артық жемеуі керек.
Нанның түрі ішек-қарынның жұмысының күрделенуіне байланысты өзгертіліп отырады.
Жоғарғы сортты ұндардан жасалған наннан бастап төменгі сортты ұндармен біртіндеп
ауыстырылады (бастапқыда 72% ұннан, содан кейін 85% ұннан пісірілген нан береді). 2
жастан бастап түскі асқа міндетті түрде қара нан беру керек. Оның құрамында В тобының
витаминдері және балласты заттар көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: