Өлітуылу:
Ұрықтың ерте өлуі
– жүктіліктің толық 20 апталығына дейінгі өлім.
Ұрықтың аралық өлімі
– жүктіліктің 20 аптасынан кейін, бірақ 28 аптасына дейінгі
өлімді айтады. Ал, жүктіліктің 28 апталығынан кейінгі өлімді,
ұрықтың
кеш фетальды
өлімі,
яғни
өлітуылу
деп атайды. Өлітуылудың белгілері, жүрек соғысы мен тірліктің басқа
белгілері болмай, жасанды жандандыру (реанимациялық) жолмен тірілту нәтижесіз
болғанда нақты анықталады.
Туылу мерзіміне байланысты ЖТН-лер төмендегідей болып бөлінеді.
Күні жетіп туылған нәресте
– жүктіліктің 37 мен 42 апталықтар арасында туылған
нәресте.
Шала туылған нәресте
– жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған нәресте.
Күні асып туылған нәресте
– жүктіліктің 42 аптасында және оданда асып туылған
нәресте.
Аз салмақпен туылғандар –
кез-келген гестациялық мерзімде, салмағы 2,5
килограммнан аз салмақпен туылғандар.
Достарыңызбен бөлісу: |