Салмағының физиологиялық азаюы.
Тіршіліктің бірінші 4 күнінде байқалады,
яғни туылған салмағының 4-5% кемиді. Салмағының азаюы 8-10% тең болса – ол
патологиялық жағдайға жатады. Балалардың көбісінің салмағы 9-10 күндері өз қалпына
келеді (егер анасының сүті мол болса – 6-7 күнде). Салмақ азаюының себебі – бала
сұйықтықты демімен шығарады, ал оны ішу салыстырмалы түрде аз болады. Салмағының
азаюын кеміту үшін балаға жақсы күтім жасау, ерте емізу, сұйықтықты жеткілікті
мөлшерде беру қажет.
Транзиторлы қызба.
2-5 күндердің аралығында баланың дене кызуы 38-40
о
дейін
көтеріледі, бірак, ешқандай басқа патологиялық белгілер анықталмайды. Транзиторлы
қызба салмағының азаюымен бірғе байқалады. Оның негізінде баланы белокқа бай уызбен
тамақтандырғанда сұйықтықтың жеткілікті болмауы және қызу реттейтін орталыктың
жетілмеуі жатады. Қызудың патологиялық себептері анықталмаса, ол физиологиялық деп
есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |