Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет539/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Кіндік қалдығының түсуі.
Кіндік қалдығы кеуіп, балалардың көбісінде 4-5 күнде
түседі. Кіндік қалдығында, оның жарасында күнде спирт немесе далаптың 5%
ертіндісімен тазартып отыру керек.
Мерзімінде және шала туылғандықтың белгілері.
Жүктіліктің мерзімі толықтай
өтпей туылған бала шала туылған деп есептелінеді. Қалыпты өтіп жатқан жүктіліктің
ұзақтығы 38-42 апта. Салмағы 2500 г дене ұзындығы 48 см-ден кем болып, жүктіліктің 28
– 37 апталарының аралығында туылған бала (ДДҰ-ның мәліметі бойыша 22-37 апта) шала
туылған бала деп есептелінеді. 
Мезгілінде туылған балалардың терісі қызғылт, нәзік, бархат тәрізді, терісі тегіс
боялған болады. Үлпі шаштары иығында және денесінің жоғарғы бөлігінде ғана
байқалады. Басындағы шашының ұзындығы 2-3 см-ден кем болмайды.
Құлақтың қалқанының және мұрынының шеміршектері, тырнағы жақсы дамыған
тығыз болады. Тырнақтары тырнақтың орнын толық алып жатады. Кіндік сақинасы
тұлғаның ортасында немесе одан сәл төмен орналасады. Дені сау жаңа туылған бала дене
қызуын жақсы сақтайды. Ему және жұту бейнелістері жақсы дамыған, тыныс алуы және
жүрек соғу ырғағы тұрақты болады. Қыз балаларда сыртқы жыныс мүшесінің үлкен ерні
кіші ернін жауып тұрады. Ер балаларда аталық без ұманың ішіне түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет