Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет541/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ана-плацента-ұрық жүйесіндегі
патологиялық факторлардың әсерінен болады. Бір жағынан мұның себептерін білу бола-
шақта шала туылудың деңгейін төмендету үшін алдын – алу шараларын ұйымдастыруға
мүмкіншілік берсе, екінші жағынан сол шала туылған ұрықтың фукнциональдық жетіл-
гендігінің дәрежесін және оның постнатальды кезеңде даму шапшаңдығын анықтайды.
Шала туылған нәрестелерге баға бергенде олардың жетілгендігіне баға берілуі шарт.
Ескеретін жайт, жаңа туған нәрестенің жетілуі дегенде, олардың гестациялық жасына
ОНЖ морфологиялық және функционалдық сәйкес болуын айтамыз.
Жетілудің эталоны болып дені сау ЖТН болып табылады. Онымен салыстырғанда
барлық ШТН жетілмеген болып есептеледі. Бірақ ШТН әр гестациялық жасына сәйкес
жетілу дәрежелері бар.
Дамып келе жатырған ұрыққа әр түрлі зақымдаушы факторлары әсер еткен жағдайда
(анасының жұқпалы және соматикалық аурулары, жүктілік токсикозы, криминалдық
әрекеттер және т.б.), нәрестенің жетілуі туылғаннан кейінгі бірінші және кейінгі
күндерінде сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда гестациялық жетіспеушілік
жөнінде айтылады.
ШТН сырт келбетінде өзіне тән, жүктіліктің мерзімімен тығыз байланыста болатын
белгілері болады. Гестациялық жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым олардың белгілері
айқынырақ болады. Олардың кейбіреуі ШТН гестациялық жасын анықтағанда қосымша
белгі (тест) ретінде пайдаланылады.
1. Мөлшерінің аз болуы. Бойының аласа және толықтығының төмен болуы барлық ШТН
тән. Толықтығының төмен болғанына қарамастан барлық ШТН, дистрофияға
шалдыққан балаларға ұқсамайды, өйткені олардың салмағы бойының ұзындығына сай
болады. Олар тек пропорционалды кішкентай болып көрінеді. Егер осындай ШТН
терісі бос және әжімделген болса, онда ШТН-де құрсақішілік гипотрофияның
дамығандығын білдіреді. 
2. Денесінің пропорционалды болмауы. Шала туылған балалардың басы және кеудесі
салыстырмалы үлкен, мойны және аяғы қысқа, ал кіндігі төмен орыналасқан болады.
Өйткені аяқтың ұзару темпі жүктіліктің екінші жартысында жылдам жүреді.
3. Тері жамылғысының айқын қызаруы. Бұл көбінесе гестациялық жасы кіші ШТН-ге тән.
4. Ланугасының айқын болуы. Салмағы аз ШТН жұмсақ үлпүлдек шаштар тек қана иық-
тарында немесе арқасында емес, оның маңдайында, жағында, сандарында және
жамбасында байқалады.
5. Жыныстық саңылаудың ашық болуы. Қыз балаларда үлкен жыныс еріндерінің
дамымағандығынан жыныстық саңылау ашық қалады және клитордың гипертрофиясы
байқалады.
6. Ұмасының бос болуы. Ұмаға атабездің (testis) түсуі құрсақішілік кезеңнің 7-ші айында
болады. Бірақ әр түрлі себептермен оның түсуі қалыс қалады. Тіпті шала туылған
нәрестелерде ұмаға атабез түспейді, олар шап түтігінде де (каналында) немесе
ішперделік қуыста қалып қояды. Егерде атабез ұманың ішінде болса, онда ШТН
гестациялық жасы 28 аптадан жоғары болғаны.
7. Тырнақтарының толық дамымауы. Өте терең шала туылғандарда тырнақтарының то-
лық дамымауы байқалады, яғни фалангалардың шетіне жетпейді Жүктіліктің 32 – 35
апталарында тырнақтың шеті фалангалардың шетіне дейін жетсе, 35 аптадан кейін
тырнақтың шеті шығып тұрады.
8. Құлақ қалқанының жұмсақ болуы. Салмағы төмен нәрестелердің шеміршек тіні дұрыс
дамымағандықтан, құлақты тіпті түтікше тәрізді орауға, ортасынан бүктеуге болады.
9. Бассүйегінің ми бөлігі бет бөлігінен үлкен болуы.
10. Кіші еңбегінің барлық уақытта ашық болуы.
341


11. Сүт бездерінің дамуының қалыс қалуы. Шала туған балалардың сүт бездерінің
физиологиялық ісінуі болмайды. Бұл топқа гестациялық жасы 35-36 апта балалар
кірмейді. Салмағы 1800 г төмен балалардың сүт безінің ісінуі болуы, құрсақішілік
гипотрофия бар екендігін аңғартады. 

Барлық айы - күні жетіліп туылғандардың және шала туылған ЖТН салмағының және
гестациялық жасының арақатысына қарай (ГЖҮ);

гестациялық жасына сәйкес (ГЖС);

гестациялық жасынан кіші (ГЖК).
Бұл топтарда тек жеке өздеріне ғана тән патология кездеседі. Оларды туылғаннан
кейін осындай топтарға бөлу, оларда қандай ауыртпашылықтар болатынын болжауға
мүмкіншілік береді. Бұл практикалық медицинада өте маңызды нәрсе, өйткені ол аурулар
бұл ЖТН-де бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Егер осы жағдайды ескермесек, біздер
бұлардағы ауруларды анықтауда және емдеуде қателіктер жіберілуі мүмкін. Мысалы,
гестациялық жасынан кіші (ГЖК) нәрестелерде кездесетін қозу және (немесе) құрысу
синдромын тек қана гипоксияның салдарынан болды деп тұжырым жасасақ, бірақ
гестациялық жасынан кіші (ГЖК) ЖТН-де жиі кездесетін және осындай синдромдар
пайда болғанда, алдын – алу үшін шұғыл шаралар қолдануды керек ететін, зат алмасудың
өзгерістерінен (гипогликемия, гипокальциемия) туындайтын ОНЖ бұзылыстары
ескерілмей қалуы ықтимал.
Осы көрсетілген жіктемені негізге алсақ (дүние жүзінің барлық мемлекеттерінде осы
жіктеме пайдаланылады) жоғарыда тұжырымдалған диагноз былайша жазылады: шала
туған нәресте – 30 апта, ГЖК (немесе ГЖҮ, ГЖС).
Балалардың физикалық дамуына постнаталды кезеңде бағалау үшін
№ 60 кестеге
жүгінеміз.
60 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет