Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет591/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Емі.
 
Антибиотиктермен тиімді этиотропты терапия жүргізіледі.
Ампициллин (100-200 мг/кг), ауыр жағдайда (300-400 мг/кг) б/е және қ/т 2-4 рет
тәулігіне тағайындалады. Ұзақтығы 7 күннен - 3 аптаға дейін, гентамицин 2-5мг/кг
тәулігіне 2-3 рет б/е немесе к/т, ұзақтығы 5-8 күн. Сонымен қатар, тиімді антибиотиктерге
эритромицин, левомицитин және т.б. препараттар жатады. Цефалоспориндер листериоз
инфекциясында тиімді емес. 
2.4.7.2. ВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯЛАР
2.4.7.2.1. ҚЫЗАМЫҚ
Қызамық

ұрықтың және нәрестенің зақымдалуы даму ақауларымен және
вирусты ұзақ тасымалдауымен білінетін инфекциялық ауру.
375


Этиологиясы.
Қызамық тоговирус жанұясына жататын РНК-лы вируспен
шақырылады. Вирус сфералық формалы, диаметрі – 60-70нм болып келеді.
Патогенезі.
Қызамық қоздырғышының жүктіліктің алғашқы 2 апталығында әсер
етуі эмбрионның құрсақ ішілік зақымдалу қаупін (100%-ке дейін) жоғарылатады. Жүктілік
өту барысында нәрестенің құрсақ ішілік зақымдалу қаупі төмендейді. Құрсақ ішілік
қызамық анасының жүктіліктің алғашқы триместрінде қызамық инфекциясымен ауру
нәтижесінде дамиды. Сонымен қатар, жүктілік дамығанға дейін бірнеше күнде де
зақымдалу жағдайлары болған. Жүктіліктің 4 айлығындағы зақымдалу кереңдікке әкелуі
мүмкін. Ұрықтың ауыр зақымдалуында анасындағы қызамықтың серологиялық тексеріс
нәтижесінде анықталған, клиникалық симптомы жоқ түрінің маңызы бар.
Вирус ұрықтың дамуын тежеп, бауыр, талақ, қан түзуші тіндер клеткаларының ин-
фильтрациясына, интерстициальды пневмонияның дамуына, сүйек майындағы мегакарио-
циттер санының төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, қан айналу мүшелері мен ОНЖ жа-
ғынан түрлі ақаулар түзілуі мүмкін. Ұрық организмінде вирус құрсақ ішілік дамудың кезе-
ңінде персистенциялауы мүмкін. Нәресте вирусты туғаннан соң 6-31 ай бойына бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет