Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет611/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   607   608   609   610   611   612   613   614   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникасы.
 
Инфекция жұқтырған әйелдерден туған нәрестелердің 1000-3500-нің
біреуінде туа болған токсоплазмоз анықталады. Бұл жағдай тек жүктілік кезінде жаңадан
ауру жұқтырған жағдайда ғана болады. Туа пайда болған токсоплазмоз жүре болған
токсоплазмоз тәрізіді жедел ағымды алғашынан бастап созылмалы (немесе жасырын)
ағымды өтуі мүмкін.Жүре пайда болған токсоплазмоздың даму кезеңдеріне байланысты
үш клиникалық түрін ажыратады: жедел жайылған түрі (гепатомегалия және сарғаюмен
білінуі), жеделдеу (энцефалит көрінісі), созылмалы (постэнцефалиттік ақау көрінісі).
Жедел жайылған түрі, егер инфекциялану нәресте туылғанға дейін басталса, әр түрлі
клиникалық симптомдармен білінеді. Бауыр мен талақтың ұлғаюы тұрақты болады. Олар
385


алғашқы күндерде байқалады және жиі созылған сарғаюмен бірге жүреді. Сонымен қатар
миокардит, пенвмониямен байқалуы мүмкін. Экзантемалар, қан құйылу және ісік жиі
кездесетін белгілер болып табылады. Бұл кезеңде ОНЖ зақымдалуы мүмкін немесе мүлде
анықталмайды, немесе айқын емес симптомдармен байқалуы мүмкін. Ұрық ерте мерзімде
инфияланса жайылмалы кезең құрсақ ішілік кезеңде аяқталуы мүмкін. Бас сүйек ішінің
рентгенографиясында мөлшері әр түрлі кальцинаттар анықталады. Бұл кезеңде көру
мүшелерінің зақымдалуы байқалады: хориоретинит, көру нервінің семуі.
Егер алғашқы екі кезеңі құрсақ ішінде өтетін болса, нәресте токсоплазмоздың
созылмалы түрімен туылуы мүмкін. Бұл кезде ОНЖ-нің және көз жағынан дөрекі ақаулар
болуы мүмкін. 
Триада тән: гидроцефалия немесе микроцефалия, бас ішілік кальцинаттар,
хориоретинит. Түрлі дәрежелі спастикалық парездер, орталық параличтер болуы мүмкін.
Көз жүйесі жағынана дөрекі органикалық ақаулықтар: микроофтальмия, көз алмасының
болмауы да мүмкін.
Туа пайда болған токсоплазмозда инфекциялық процесс басылғаннан кейін, тұрақты
қайтымсыз өзгерістер сақталуы мүмін (микроцефалия, кальцинаттар, ақыл-есінің
дамуының қалыс қалуы), олар рецидуальды токсоплазмоз болып есептеледі.
Туа болған токсоплазмоз диагнозын қоюдың шектері: Туа пайда болған
токсоплазмоз-дың клиникалық көріністерінің көп түрлілігін ескере отырып, тек қана
клиникалық негізінде диагноз қою мүмкін емес. Осыған байланысты лабараториялық
зерттеулердің маңызы үлкен. Токсоплазмозды анықтауда негізгі болып табылатын қан
сары суында арнамалы антиденелерді анықтайтын серологиялық реакциялар: комплемент
байланыстырушы реакция (КБР), Себин-Фельдман бояуымен реакция (БР),тікелей емес
геммаглютинация реакциясы (ТГА), иммуноферментті анализ реакциясы (ИФА).
Анализдерді талдау объективті болып табылады, өйткені, ол ДДҰ-ның халықаралық
стандартына сәйкес негізделген. 
Серологиялық зерттеуге 2 сынама кіреді. IgM және IgA класстарының
антиденелерінің оң болуы немесе титрінің 4 есе жоғарылауы жаңа инфекцияның бар
екенін көрсетеді. IgG антиденесі 6-8 аптада пайда болады және токсоплазмоздың
созылмалы түрінің көрсеткіші болып табылады. Дамушы инфекцияны соңғы екі анализ
нәтижелерін салыстыру арқылы 10-14 күннен кейін анықтайды. Дамушы инфекцияда
IgG-дің титрі өседі.
Соңғы кезде диагнозды дәлелдеу үшін полимеразды тізбекті реакция (ПТР)
қолданады. Нәтижесі тез алынады, бірақ оны арнайы иммунологиялық зерттеулердің
мәліметтерімен бірге талдау керек. Амнион сұйықтығын зерттеген кезде ПТР көмегімен
сәтті пренатальды диагностика туралы мәліметтер алынды.
Токсоплазмозға тексеріске көрсетпе түрінде қолданылатын синдромдар жиынтығы:
1. Ұзаққа созылған сарғаю; 2. Гепатоспленомегалия; 3. Құрысу, гидроцефалия; 4.
Микроофтальм, хориоретинит; 5. Кальцинаттар; 6. Лимфааденит; 7. Белгісіз этиологиялы
бөртпе байқалатын қызба; 8. Генезі белгісіз кардиопатия; 9. Жеделдеу және созылмалы
энцефалит, арахноидит; 10. Субфебрилитет.
Жаңа туған нәрестелердегі және ерте жастағы балалардағы токсоплазмозға күмән
туған кезде клиникалық параметрлерін серологиялық реакциялар арқылы толықтырады. 
Емі.
Токсоплазмозды емдеу комплексті, этиотропты терапия мен симптоматикалық
және қуаттандырушы еммен бірге жүргізіледі. Инфекцияның қоздырғышы туралы толық
мәлімет жоқ болған кезде негізгі ем синдромды және иммунды орын басушы терапияның
сапасын арттыруға бағытталады.
Токсоплпзмоздың емі қанда паразиттің цисталық емес түрі циркуляция жасаған кезде
тиімді болып есептеледі. Сонымен бірге этиотропты ем тағайындауға, оның белснділігін
уақытында анықтау керек.
386


Қазіргі кезде пириметаминнің (тиндурин, дараприм, хлоридин) және сульфадимезин-
нің комбинациясы қолданылады. Бұл препараттар паразиттердің синтезінде қатысатын
фоль қышқылы ферментінінің (редуктаза және синтетаза) функциясын тежейді.
Хлоридиннің тәуліктік мөлшері 1мг/кг 25 мг-нан жоғары емес (2-рет) тамақтан соң,
1ай бойы қолданылады. Алғашқы 2-3 күнде хлоридинді қанығу мөлшерінде 2мг/кг/тәулі-
гіне күніне 2 рет береді. Бірақ, мөлшері тәулігіне 25 мг-нан аспауы керек.
Сульфадемизин 150мг/кг салмағына күніне 3-4 рет, бір ай бойы тағайындалады,
тәулігіне 4 г-нан аспауы керек.
Препараттарды циклмен қолдану кестесі қолайлы болып табылады: 5 күн тиндурин,
7 күн сульфаниламид – 3 цикл бойы 7-14 күн үзіліс жасап отырады. Бұл терапияны көр-
сетпе болған кезде (созылмалы түрінде, иммунды жетіспеушілік жағдайда, хориоретинит
асқынуы кезінде) 1-2 айдан кейін қайта тағайындауға болады.
Құрамында 500мг сульфатоксин және 25 мг пириметамин бар комбинацияланған
препараттар: фансидар, метакельфин қоладнылады. Балалар үшін есептеу мөлшері 1 мг/кг/
тәулігіне (пириметамин бойынша).
Қан жасалу мүшелері жағынан реакцияның алдын-алу мақсатында ауруда фоль қыш-
қылының жетіспеушілігін толықтыру мақсатында және нуклеин қышқылы биосинтезін
қалыптастыру үшін 5-10 мг/кг/тәулігіне ішуге, немесе парентеральды жолмен, аптасына 5
мг мөлшерде 2 рет фоль қышқылы беріледі. Лейковорин (кальциумфолинат, АКШ)
препаратын 1-5мг мөлшерде 3 күнде 1 рет тағайындайды.
Тиімділігі жөнінен 2 орында макролидтер тұрады. Ол қоздырғыш рибосомасындағы
белок синтезін тежейді, клетка ішілік паразитке әсері бар және токсикалығы төмен.
Спирамицин 150000-300000 бірлік/кг/тәуліігіне 2 бөліп, 10 күн ішінде тағайындайды.
Рокситромиицин (рулид) 5-8 мг/кг тәулігіне 7-10 күн ішінде тағайындайды.
Аурудың прогрессивтілігін төмендету үшін құрсақ ішінде зақымдалған нәресте
алдын-алу, емін қабылдауы қажет. Токсоплазмоз симптомдары жоқ болған кезде емді
инфекцияның ақырын тежеу мақастында қолданады. IgG антиденесі жоғары және аурудың
белгілері жоқ болғанда ерте неонатальды кезеңде баланың қандағы антидене деңгейін
тексеріп, аурудың белгілерінің пайда болуын (хориоретинит және дамудың қалыс қалуы)
бақылау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   607   608   609   610   611   612   613   614   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет