Жаңа туған нәрестелер көпіршік (пемфигус) ауруы –
өмірінің бірінші 2
аптасында жиірек дамиды. Мойнында, ішінде, аяқ-қолдарында –ішінде лайлы
сұйықтығы бар әр түрлі көлемді (диаметрі 0,5-2,0 см) көпіршіктер шығады
. Көпіршіктер
жеңіл жарылып, қансырайтын жаралы беткей пайда болады. Бөртпелер үсті-үстіне
шығуына байланысты полиморфты болады. Жаралы жерлердің эпителизациясы тез
жүреді, орнында боз-қызғылт дақтар ұзақ уақытқа қалады. Баланың жалпы-жағдайы
терідегі көп санды көпіршіктерге байланысты нашарлап, дене қызуы 38-39
о
С көтеріледі.
Бала әлсізденіп, емшектен бас тартып, салмақ қосуы нашарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |