Аутоаллергиялық диатез:
аутоиммундық реакциялар беру мүмкiндiгiнiң молдығы,
“люпоидтық диатез” – терiнің ультракүлгiн сәулеге жоғары сезiмталдығы, қанда
гамма-глобулиндер мөлшерiнiң жоғарылауы, сау кезде LЕ-клеткалар, антинуклеарлық
факторларды жиi табылуымен көрiнедi.
Аутоиммунды ауруларға (мысалы ЖҚН) iштен
бiткен бейiмдiлiк АКШ елiнiң 10%-да, оның iшiнде – әйелдерде екi есе көп болатыны, ал
осы диатездiң аутоиммунды дертке ауысуына персистенциямен жүре беретін вирустардың
ықпалы болуы мүмкiндiлiгi анықталды.
Инфекциялық-аллергиялық диатез
–
жұтқыншақ аурулары не ЖРВИ-лардан соң
ұзақ мерзiмдiк ЭТЖ жоғарылауы мен субфебрилитет, артралгия, кардиалгия симптом-
дарының пайда болуымен көрiнедi.
Ад-дiң бұл түрiнде бала организмi иммунокомплекстi
және медиаторлық қантамырлық бұзылыстарға (васкулиттерге) бейiм.
НLА жүйесiмен Ад ассоциациясы анықталган: АтД-да – В
8
, В
18
, В
16
аутоиммундық
түрiнде – В
8
, DRw3, DR3, SС01, Сw7; инфекциялық-аллергиялық түрiнде – В
12
, DRw6,
DRw4. Бұл диатездердi бөлiп, ажыратудың тағы бiр дәлелi: осындай балаларды
вакцинамен алдын ала егудi жетiлдiру, мұндай мәндi биологиялық операцияға оларды
дайындаудың қажет екенi.
АД-дiң аллергиялық ауруға ауысуына, аллергенмен кездескеннен басқа (бұған ауыр
антигендiк жүктеменің молдығы да қосылады) тыныс жолдарындағы, iшектегi инфекция
ошақтарының, терiнiң химиялык, қызулык, физикалық әсерлерге тiтiркенуiнiң (барьерлер
бүтiндiгiнiң бұзылуы): дисбактериоз, тиiмсiз тамақтану, гипоавитаминоз, инфекциялардан
бауыр қызметiнiң нашарлауы әсерiн тигiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |