Клиникалык көрiнiсi
. «Гиповитаминоз» диагнозын қою кейде өте қиын, себебi, әр
гиповитаминоздың өзiне ғана тән сипаттары жоқ. Мәселен, глоссит РР, В
6
, В
2
, В
12
гиповитаминоздарында, ал фолликулярлық гиперкератоз А, С және т.б. витаминдер
кемiстiгiнде байқалады. Бұл жағдайларда негiзгi синдромды бөлiп алу керек, анамнез
талданып, аурудын клиникалық көрiнiсi биохимиялық тексерулер қортындысымен салыс-
тырыған жөн. Мәселен, ангулярлық стоматиттiң көздiң мөлдiр қабатының қанталауымен
қабаттасуы, ауыз, ерiн кілегей қабатының құрғақтығымен қатар бiлiнуi рибофлавин
тапшылығында, ал анулярлық стоматиттiң тiл бүршiктерiнiң гипертрофиясымен
қосарлануы никотин қышқылының кемiстiгiнде байқалады. Ангулярлық стоматиттiң
гипохромдық анемиямен және қол тырнактарының қасық тәрiздi деформациясымен
қабаттасуы тағам арқылы темiрдiң жеткiлiксiз түсуiнде байқалады.
426
|