ІІ саты
– аралық («суық гипотензия»): терінің аса бозаруы, толымы аз пульс, АҚҚ
төмендеу, акроцианоз, үдемелі ентігу мен тахикардия, суб- және компенсациялы ТІШҰ
синдромы, көрінісі, олигоурия, тежелу, науқастың енжарлығы, дененің шеткі бөліктерінде
қызудың төмендеуі.
ІІІ саты –
полимүшелік жетіспеушілік – қайтымсыз шокқа ауысу: кома, диастолалық
қысым аса төмен, АҚҚ қалыптыдан 60%-ға төмен, тахикардия қалыптыдан 150%-ға
артық, «шоктық өкпе», патологиялық тыныс түрлері, декомпенсацияланған ТІШҰ
синдромы, қанаққыштық, эктим, анурия, бауыр-бүйрек жетіспеушілігі, айналыстағы қан
көлемінің азаюы, тіндердің ісінуі, дәрінің әсеріне жауаптың құбылмалылығы. Одан әрі
агональдық кезеңге ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |