ауыстырып тұру керек. Жедел пневмониямен ауырған баланы таза ауада қыдырту 10-15
о
басталады. Бұл деңгейден ауа
температурасы төмен болғанда, таза қыдыру үшін
веранданы (дәлізді) немесе жақсы желдендірілген басқа бөлмені пайдалану керек.
Қыдыратын бөлменің температурасын біртіндеп төмендетіп (2-3 күнде 2-3
о
-қа) отырады.
Емшек еметін балалар үшін тәуелік бойындағы сұйықтық мөлшерін, емшек сүтін
немесе жасанды сүт қоспасын (жасанды тамақтанатындар үшін) қоса есептегенде 140-150
мг/кг дене салмағына болу керек. Науқас баланы бұрынғысынан жиірек,
бірақ аз
мөлшерден тамақтаныдру керек. Тамақатану арасында демалыс беру керек. Тағам
толыққұнды, механикалық жағынан жақсы өңделетін, жеңіл сіңірілетін және баланың
жасына сәйкес болуы керек. Тағам құрамынан экстрактивті заттарды, ащы заттарды алып
тастау және ас тұзын шектеу керек.
Емшек жасындағы балалардың
емізер алдында мұрнын тазалап, қажет болса,
тамырларды тарылтатын тамшылар тамызу қажет. Егер мұрын арқылы дем алуды дұрыс
қамтамасыз ету мүмкін болмаса, асты қасықпен берген жөн. Сауығу кезінде балалардың
тағамы көк-өністер мен жеміс-жидек есебінен дәрумендерге бай болуы керек. Сусынды
жылы күйінде берген жөн: тәтті шай, итмұрын, түймедақ немесе қараөрік қайнатпалары
шырындар, морстар, оралит (глюкоза 20г, натрий хлориді 1,5г, калий хлориді 1,5г, натрий
бикорбанаты 2,5г, 1 литр суға ерітіледі). Ішетін судың жалпы мөлшері әдеттегі көлемнен
300-400 мл артық болуы керек.
Үйде гипоксияны төмендетуге бағышталған шаралар бөлмені тұрақты желдендіріп
тұрудан тұрады. Жылы күндері терезе ұдайы ашық тұруы керек. Бөлме температурасы 17-
18
о
жоғары болмауы керек. Тыныс жолдарының клегейлері құрғап қалмау үшін, бөлменің
ауасын тұрақты ылғалдандырып тұру керек. Баланың киімі тиімді болғаны жөн, баланы
шектен тыс киіндіре бермеген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: