)
.
Көктамырға енгізгенде, шала және мерзімінде туылған нәрестелерге 0,02- 0,03мг/кг,
1-айдан 2 жаста – 0,04, 2 жастан асқанда – 0,03- 0,04мг/кг. Қолдаушы дозасы қанықтыру
дозасының 2 жасқа толғанша – 1/4-1/5, 2 жастан асқасын 1/4-1/6 бөлігін құрайды.
Панангин, кокорбаксилаза (5-8мг/кг), В, С тобының витаминдері, Поляризациялық
қоспалар (100 мл 10% глюкоза ертіндісіне 2 бірлік инсулин, 4 мл 7,5% калий хлориді
қосылады), Фуросемид (1-2мг/кг), Преднизолон (тәуеліктік ритм ескере отырып, 2-3-4
мг/кг есебінен) тағайындалады.
Өкпе шемені.
1.
Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыптастыру
;
2.
Көбікке қарсы ем.
Құрамында 30-40% спирттің немесе антифомсиланның буы бар
ылғалдағышқа немесе Бобров аппаратына құйылған газ қоспасымен бет пердесі
арқылы 25 минут бойына ингаляция жасау;
3.
Оксигенотерапия.
Гипоксия үдей түсетін болса, науқасты Грегори әдісі бойынша (қа-
зір SPAP әдісіменде жасайды) тұрақты оң қысыммен дербес демалуға ауыстырады.
4.
Зәр жүргізетін дәрілер:
Фуросемид (2-4 мг/кг көктамырға бір рет);
5.
Эуфиллин
5-10-20 мг/кг 2,4% ертіндісі қолданылады;
6.
Арфонад.
Ересек жастағы балаларға 200мл физиологиялық ертіндіге 100мг есебінен
қолданылады. Арфонадты енгізу кезінде ортостатикалық колапстың алдын алу үшін
керуеттің бас жағын төмен түсіріп қою керек
Достарыңызбен бөлісу: |