Реополиглюкин – бір реттік дозасы 10 мл/кг, қайталауға болады, кейде альбуминде
қолдануға болады.
Антикоагулянттік әсер үшін 150-200 бірлік/кг (тәулігіне) көктамырға,
кіндік
маңының терісі ішіне гепарин қолданылады. Нәрестелерге тілінің астына қолдануға
болады. Бұлшықетке және терістына енгізудің тиімділігі аздау болып келеді. Тәулігіне 4
реттен аз енгізілмеу керек.
ТІШҰ-дың ІІ-ші сатысында гепарин мөлшері 300-400 бірлік/кг/тәулік дейін көбей-
теді. ІІІ-ші сатысында – гепарин мөлшерін 75-100 бірлік/кг/тәулік дейін төмендетеді.
IV-сатысында нәтижеге жеткеннен және науқастың жағдйы жақсарғаннан кейін гепа-
ринді бірден алып тастамау керек, өйткені гиперкоагуляция дамып кетуі мүмкін. Біртіндеп
азайтып, 2-3 күнде алып тастау керек. Таңдаудың дұрыстығы Ли-Уайт бойынша қан ағу
уақытының алғашқы көрсеткіштен 2-3 есе, 20 минуттан
артық емес, артуын қадағалау
арқылы жүргізіледі. Егер қан ағу
уақыты ұзармаса, гепариннің дозасы көтеріледі.
Фибринолитикалық әсер алу үшін никотин қышқылы және оның қосымшалары
(никошпан) қолданылады. ІІ-ші сатысында плазмалық
коагуляциялық факторларды
қалыптастыру үшін тікелей донордан қан (5 мг/кг немесе фибриноген 0,3-0,05 г) құяды.
ІІІ-ші сатыда бактериялық инфекцияның әсерінен айтарлықтай протеолиз пайда
болғанда, бұл кешенге ферменттер ингибиторларын (контрикал, трасилол, гордокс)
тағайындау тиімді болып келеді. Жаңа қатырылған (-30
о
) плазма 37
о
дейін қыздырылып,
қосымша гепарин дозасын қосып, енгізіледі.
Жергілікті гемостаз үшін тромбинмен, дицинонмен, 5% аминокапрон қышқылымен,
фибринді жұқалтырмен (пленкамен) таңба жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: