Пикфлоуметр (107 сурет) – қымбат емес және қолдануға жеңіл құрал. Шектік
экспираторлы ағымның қалыпты (пикфлоуметрия көрсеткіштері) көрсеткіштері баланың
дене даму деңгейіне және жасына байланысты болады. Пикфлоуметрия бала 5 жасқа
107 сурет. Пикфлоуметр. толғаннан кейін жүргізіледі. Оған дейін шежірелер және клиникалық мәліметтер негізінде
жүргізіледі. Базистік ем жүргізудің негізгі талабына баланың жағдайын пикфлоуметрия-
мен бақылап, график жасап отыру табылады. PEF-ті өлшеу ертеңгісін (PEFе) және кешке
(PEFк) жүргізіледі.
Бронх өткізгіштігінің тәуліктік көрсеткіштері келесі формула бойынша анықталады:
PEFе + PEFк
-------------------- х 100К% =... К%
2 х PEF қалыпты
PEF-ң өзгерістерінің тәуліктік көрсеткіштері
PEFмакс – PEFмин
-------------------------- х 100К% = ... К%
PEF макс
Көрсеткіштердің тәуліктік өзгерістері 20% артық болса, науқастың жағдайы тұрақты
емес екендігін (стабильді емес) көрсетеді. Бұл екі көрсеткіш БА-ның және оның
ұстамасының ауырлық дәрежесін анықтау үшін қолданылады. Науқасқа көмектесу және
оларды дұрыс бақылауды қамтамасыз ету үшін арнайы аймақтар жүйесі жасалған.
«Жасыл аймақ» – PEF көрсеткіші қалыпты деңгейден 80%-дан кем емес. Науқастың
жағдайы тұрақты, БА бақылауда деп есептеуге болады. Базистік ем тиімді астманың
ауырлық деңгейіне сәйкес немесе ұзақ клиникалық ремиссия жағдайында болса, ем
тағайындауға мұқтаж емес.
«Сары аймақ» – «назар салыңыз» деген белгіні білдіреді. Пикфлоуметр көрсеткіші
қалыпты деңгейдің 80-60% аймақты қамтиды. «Сары аймаққа» ауысу өршу сатысының
басталып келе жатқанын немесе өршудің айқын даму сатысында екенін көрсетеді.
Науқастың жағдайының нашарлауына не себеп болғанын талдап, емін күшейту туралы
шешім қабылдау керек.
«Қызыл аймақ» – қауіпті аймақ. PEF көрсеткіштері қалыпты деңгейден 60%-дан
төмен түседі. Науқас жедел көмек көрсетуді талап етеді. Ем тиімді тағайындалғанда, PEF-
нің тәуеліктік өзгеруі «жасыл аймақ» деңгейінде болуы керек.
515