Қорытындылау. Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жыл уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы дей отыра бүгінгі апталығымыз аяқталды.
Ашық тәрбие сағат жоспары
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
Тәрбие сағаттың мақсат – міндеттері: «Жемқорлық» - дегеніміз не?
Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру.
Саяси өмірден хабардар, жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерін мен санасуға жағдай жасау.
Қ.Р адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, құқықтық тәрбие беру.
Әдісі: Ауызша баяндау,түсіндіру,ой- көкпар.
Көрнекілігі: Тақырыптық слайд,бейнебаян.
Тәрбие сағатының жүру барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалармен келген қонақтармен амандасу.
Достарыңызбен бөлісу: |