Бейнеролик қарау.
Сұрақ: Сыбайлас –жемқорлық деген не?
Жауап: “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Сұрақ: Сіздің ойларыңызша сыбайластық жемқорлықты болдырмау үшін ең алдымен не істеу керек?
Жауап:Қазіргі қоғамның мүшелерінің көбінің ойы материалдық пайда табу, «қолдарында тұрғанда қоныштарынан басып», өзінің әл-аухатын одан сайын жақсарту. Сондықтан ең бірінші, адамның сана сезімін,мінез-құлқын өзгерту қажет.
Қолда барда заңдарымызды толық қолданып,қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты түп тамырынан шабуға тырысуымыз қажет деп білемін.
Сұрақ: Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?
Жауап:
1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігімен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіз.
Сауалнама толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |