Қалқанша без - Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан, ірі безге жатады. Үлкен адамдардың қалқанша безінің салмағы 20-30г. Қалқанша без фолликулалардан түзілген. Сыртын қаптаған дәнекер тіннен, бездің ішіне перделер еніп,безді фолликулаларға бөледі. Фолликулалар эпителий жасушалары құрамында иод бар гормондар түзеді. Гормондардың аты: тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин. Гормондар фолликулаларда көпке дейін сақталады. Қалқанша без қанмен өте жақсы жетіледі. Мұндағы қан ағысының минуттық мөлшері без көлемінен 3 -7 есе көп. Қанның мөлшері жағынан бұл без организмде 1-ші орын алады. Без жүйке талшықтарымен жиі торланған оның жүйке қызметінің реттеуін симпатикалық, парасимпатикалық және сомалық жүйкелер арқылы жүзеге асырылады. Организмде 30-50мг йод бар, оның 15мг қалқанша безінің құрамына енеді. Қалқанша безінің гормондары дененің өсуін реттейді, сондықтан олардың жетіспеушілігі өсудің баяулауына соқтырады. Гипофункция жағдайында жүйке жүйесінің қалыпты жағдайы бұзылып, дамуы және өсу баяулады жас кезіндегі өсу процесінде гипотиреоздық кезінде осы гормондар жетіспесе ақыл-ойдың мешеулігінің ауыр түрі байқалады- кретинизм деп аталады. Сонымен қатар жыныс дамуы да жетіспейді. Кретинизм кезінде ақыл –ой және дененің дамуы төмендеп, психикалық реакциялар баяулайды. Ауру балалардың бойы кішкентай , тілі ұлғайған, тәбеті төмен, терісі құрғақ болады. Оларда сүйек тіннің дамуы баяу, оның салдарынан еңбегі қатпайды және тістерінің шығуы уақытынан көп кешігеді. Ересек адамда гипотериоз микседема ауруы жеткізеді. Тер астында ісік байқалады. Зат алмасуы төмендеуінен, ауру адам толық келеді. Жылу жасалу деңгейінің төмендеуі байқалып, соның салдарынан суыққа сезгіштік жоғарылап, жалпы көңілсіздік (апатия), әлсіздік, тез шаршаушылық пен психиканың бұзылуы пайда болады. Жер шарының әртүрлі жергілікті топырағында, суында, тамақ құрамында йод аз болған жағдайда, сол жердің бірқатар тұрғындарының қалқанша безінің секреторлық қызметі бұзылып, сөл бөліну мөлшері өзгеріп – дисфункция деп аталады. Дисфункция болғанда гормонның гипер немесе гипосекрециясы пайда болуы мүмкін. Қалқанша безінің бұл патологиялық өзгерісін эпидемикалық зоб деп аталады.
Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эпидемиялық зобтан сақтандыру мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады. Қалқанша бездің гормон көп бөлуі - гиперфункция деп аталады. Гиперфункция тиреотоксикоз немесе Базедов ауруына әкеліп соғады.Бұл аурулардың белгілері: