«Бастауыш сыныпта дүниетану курсының міндеті мен мазмұны»


-Білім,білік дағдыларын арттыру



бет3/7
Дата19.12.2021
өлшемі1,79 Mb.
#103355
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Нуршаева Анеля. 12.01.2021
Асқын өткізгіштік(14), adjective and adverbs, era-innovaciy, Музыка 6 сынып КМЖ
-Білім,білік дағдыларын арттыру; 

-Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру

-Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту; 

-Өз бетінше ізденуге үйрету, сауаттылыққа тәрбиелеу

-Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. 

Дүниетану сабақтарында білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып, үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру болып табылады. «Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта картамен жұмыс карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. 3-сыныпта «Географиялық карта» тақырыбы өтілгенде карта түрлері көрсетіліп, елімізбен шекаралас елдерді атау сияқты тапсырмалар орындалады.



Мысалы «Топырақ. Топырақтың қорғау» тақырыбында топырақтың құрамын анықтау үшін топырақты суға салдық. Нәтижесінде көпіршік шықты. Яғни, топырақтың құрамында ауа бар екенін анықтадық.

Мысалы 2-сыныпта “Су” тақырыбын өткенде жұмыс жүргізбес бұрын дербес ойлану тәсілін қолданып су туралы не білетіндері сұралады. Су айналымының сызбасы көрсетіліп, су қайдан пайда болатыны түсіндіріледі.

Судың үш күйі тәжірибе жүзінде көрсетіліп, дәлелденеді.

Балалар ыстық судың буға айналатынын біледі.

Пішіні болмайтынын әртүрлі ыдыстарға өздері су құю арқылы зерттеді.

Судың түссіз, дәмсіз екенін білді

Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданылатын негізгі әдістің бір-тәжірибе. Мұғалім тәжірибе жасау үшін төмендегідей дайындық жұмыстарын жүргізеді.  

Тәжірибеге қажетті құралдарды дайындау

Тәжірибеге қажетті материалдарды іріктеу

Мұғалім күні бұрын тәжірибені бастан аяқ толық өткізіп байқауы керек

Тәжірибе өткізу кезінде оқушылардың өзін қалай ұстау керектігі жөнінде қауіпсіздік ережелерімен таныстырады

Тәжірибе өткізу мақсаттары мен міндеттерін хабарлайды



Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Дүниетану» оқу пәнінің апталық жүктеме сағаты:  1 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;  2 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;  3 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;  4 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет