Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Өтегенова Шарбану Мұхамбетиярқызы
сыныбы :7
Пәні: биология
Сабақтың тақырыбы: «Көп жасушалы балдырлар »
Мақсаты: Көпжасушалы балдырлар туралы түсінік беру.
Білімділік: Көпжасушалы балдырлардың түрлері ,құрылыс ерекшеліктері,тіршілік
әрекеті ,маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Балдырлар туралы түсініктерін дамыту. Судың түсінің жасыл, сары-
жасыл түсті болуы балдырларға байланысты екендігі туралы түсінік
қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.Табиғатты сүюге, оған өз бетінше
бақылау жасап, қорытындылауға дағдыландыру.
Сабақтың типі : аралас сабақ.
Сабақтың түрі : Ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, СТО,проблемалық .
Көрнекілігі: слайд материалдары, суреттер.
Пәнаралық байланыс: экологиямен.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру..Үй тапсырмасын тексеру.
Сабаққа кіріспе. «Жұлдызша артында не бар?
1.Төменгі сатыдағы өсімдіктерді атаңыздар / бактериялар ,саңырауқұлақтар, балдырлар
,қыналар
2.Суретте бейнеленген өсімдікті атаңыз / Төменгі сатыдағы өсімдіктер – қыналар. Олар
саңырауқұлақтар мен балдырлардың селбесіп өсуінен пайда болған.
3.Суретте бейнеленген өсімдікті атаңыз /Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар жіпшумақтан,
сирек жеке жасушалардан тұрады/
4. Оттегін бөлетін ең алғашқы өсімдіктерді атаңыздар:
/ Ең алғаш пайда болған ежелгі бактериялар және балдырлар: Көкжасыл балдырлар,
Фотосинтездеуші бактериялар,Бактерия таяқшалары, Хемосинтездеуші бактериялар /
І .Ой –маржан.
Жалпы өсімдіктер қалай жіктеледі ? / төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы /
Олардың ортақ белгілері қандай?
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерді ата: /мүк, қырықбуын,плаун,қырықжапырақ/
Өсімдіктерге көбеюдің қандай түрі тән? /өсімді, жынысты, жыныссыз /
Балдырлар туралы не білесіңдер ? /Балдырлар – ертеден келе жатқан төменгі сатыдағы біржасушалы және көпжасушалы споралы өсімдіктер. Жасушаларында хлорофилі болады, суда тіршілік етеді./
Балдырларды зерттейтін ғылым қалай аталады? /альгология /
Таллом дегшеніміз не ? балдырдың мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі /
Балдыр жасушасындағы хлоропластар қалай аталады ? /хромотофор /
Жыныс жасушалары қалай аталады? гаметалар /
Зооспора дегеніміз не? / талшығы бар спораның қозғалатын түрі /
ІІ. «Мағынаны тану » /деңгейлік тапсырмалар /
І-деңгей : тапсырма :
Өсімдіктерді жүйелеудің сатыларын ретімен дұрыс орналастырып, оны кестеге жаз.
Өсімдіктерді жүйелеу сатылары: Дүние,Класс,Тұқымдас, Бөлім,Түр,Туыс, Қатар.
дүние
|
бөлім
|
класс
|
қатар
|
тұқымдас
|
туыс
|
түр
|
ІІ деңгей:
Жасыл балдырдың бір өкілі хламидомонадаға сипаттама беріп, салыстыр.
ІІІ деңгей:
Салыстыруға арналған кесте.
Балдыр түрі
|
Хломидоманада
|
Хлорелла
|
хлорококк
|
әр түрдің өзіне тән ерекшеліктері
|
2 талшығы бар.
2. қызыл көзшесі бар.
3. Хроматофоры терең астау тәрізді.
|
тек жыныссыз жолмен көбейеді.
2. хроматофоры жазық астау тәрізді.
|
. хромотофоры терең астау тәрізді
|
Ортақ белгілері
|
Қабықша, цитоплазма, хроматофор, ядро, вакуоль
|
ІІІ. «Кім жылдам » /сызбаны аяқтаңыз /
Достарыңызбен бөлісу: |