7-Дәріс.Тақырыбы: ²Қоршаған дүние² сабақтарында қолданылатын әдіс түрлері Сөздік әдісті тиімді қолданудың жолдары мен тәсілдері
Лекцияның мақсаты: ²Қоршаған дүние² сабақтарында қолданылатын әдіс түрлерінің ерекшеліктері туралы ұғым беру.
Лекцияға керекті құралдар: Әдістерді көрсететін сызба.
Жоспары:
²Қоршаған дүние² сабақтарында қолданылытын әдістер туралы жалпы түсінік.
Әрбір әдістің тиімділігі мен ерекшелігі.
Оқыту, білім беру процесі осы кезге дейін талай зерттеліп, дамып келеді. Оқыту процесін зерттеуге байланысты жеткен жетістіктеріміз қазіргі таңда оқытып білім беретін әр түрлі типті мектептер тәжірибесінде жүзеге асты. И.Я.Лернердің пікірі бойынша адам баласының білімді меңгеруі және мәдениет деңгейі екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезең - алғашқы таным, оның бірте-бірте адам санасында жаңартылып, шындыққа айналуы. Екінші кезең - оқу процессі арқылы ұғымдардың меңгеріліп, білімге айналуы. В процессе обучения происходит целестное формирования личности, и это формирования определяется не только целями обучения, содержанием изучаемого материала, но и соответствующим методом обучения, в частности его психологической стороной” /102,б–78/. “Уровен умственного развития, степен обладания учащимся эффективными мыслительными приемами в значительной мере определяются методами обучения” - дейді белгілі ғалымдар .
Бұрын оқыту әдісі негізінен мұғалімнің оқушыларға білім меңгертудегі қолданатын іс-әрекеті есебінде қаралса, ендігі жерде оқыту әдісі жаңа ұғым беру барысындағы мұғалім мен оқушының оқыту және оқу әрекеттерінің сәйкестігіне жүгіндіріледі.
Оқыту әдісіне - мұғалім мен оқушының білімді меңгерту және меңгеру барысындағы әрекет сәйкестігімен қоса берілген білімнің білікке айналуын, оқушының дамуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын күнбе- күн жетілдіре түсетін негізгі құралы есебінде, оқытудағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі мен оқушының шығармашылық әрекетінің үндестігі тұрғысынан қараймыз. Мақсат “... іс-әрекет үлгісін дайын түрде көрсету емес, оқушымен бірлесе, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойылған міндеттерді түсіну, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру”. Психолог ғалымдар мен әдіскерлердің зерттеулері дүниетануды оқытуда қолданылатын басты-басты әдіс түрлерін саралауға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |