Қолданылатын әдебиеттер:
Ж.Әбиев және басқалар, «Педагогика», Алматы, «Дарын», 2004 ж.
В.П.Горощенко, И.А.Степанов, “Методика преподавания природоведения”, М.,”Просвещение”, 1984г.
8- Дәріс. Әртүрлі сабақ типтеріне қойылатын талаптар және олардың құрылымы. Оқытудың интерактивтік әдістері. Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта туралы білімін кеңейтудегі көрнекілік әдісінің алатын орыны.Интерактивті әдістер
Жоспары:
1.Үлескідегі сарамандық сабақ-жаңа ұғым беру.
2.Үлескідегі сабақтың педагогикалық және психологиялық түстары.
3.Үлескідегі сабақ түрлері.
3.Оқушыларға нақты обьектілер туралы түсінік беруде үлескідегі сабақтың маңызы.
Әдістемелік құралдарда үлескідегі сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдеріне көп тоқталмай, мұндағы істелетін жұмыс түрлері ғана сөз болады. Ал дүниетануды оқыту мәселесімен, оның ішінде табиғатты оытудың әдістемесімен айналысқан В.М.Пакулова, В.И.Кузнецовалардың еңбектерінде бұл жұмыс түрі мүлде аталмайды /91,б-162/. Сол сияқты В.П.Горощенко, В.С.Никитина және басқалардың еңбектерінде “үлескідегі еңбек” деп аты аталып қана өтеді де, талдау берілмейді.
В.А.Крутецкийдің пікірі бойынша “...ақыл-ой дамуы санада не бейне- ленсе, соның негізінде...” болмақ /102,б-69/. Олай болса, дүниетануды оқыту мәселесін сөз еткенде оқушыларда нақты заттар мен құбылыстар арқылы қалыптасатын саналы ойды естен шығармауға тиіспіз. Психологтардың пікірінше ақыл-ойдың дамуына екі жағдай болуы керек, біріншісі “білім жинақталатын орын болуға тиіс, ол әрине адам басы, ақылсыз бас ойлай да алмайды”, екіншіден, “оның тәжірибесі мен білімі мол болу керек”. Мұнан шығатын қорытынды - білім беру оқытудың қажетті шарты.
Үлескідегі сабақ кезінде білім алу, оны қолма-қол іс жүзінде қолдануға үйрену және меңгерілетін білімді бақылау, қабылдау қатар жүреді. Егер Ж.Пиаже бастауыш сынып оқушыларының қарапайым нақты ойы басым деген болса, кейінгі психолог ғалымдарымыз Л.С.Выготский, В.В.Давыдова, Л.В.Занков т.б. бала оқуға кіріскеннен кейін оның интеллектісі өзгеретінін, нақтылы ойдан ұғым арқылы абстрактілі ойлауға көшетінін дәлелдеп отыр. Бірақ, біз мұны дұрыс түсінуге тиіспіз - бала ойының түпкі тірегі нақты заттар мен бейнелер, олардың сындары мен елесі болуға тиіс. Олар өз көздерімен көргендерін жинақтау мен топтаудан, салыстырудан барып абстрактілі ойға көше алады. “Оқушының оқу материалын ұғынуы тікелей сезіну процестерінен басталып соның негізіндегі бейнелерге сүйеніп, іске асады. Тікелей сезу процесіне түйсіну, қабылдау, елестеу жатады /23,б-139/. Бұл айтылып отырған пікір тікелей үлескідегі сабақ ұйымдастыру мен білім беру үрдісіне қатысты деуге болады. Себебі үлескідегі сабақ әр уақытта ғылыми ұғым мен практикалық жұмысты байланыстыра отырып оқушының түрлі сезім мүшелері арқылы қабылдауына жағдай жасайды. Соның арқасында оқушылардың алған білімді іс жүзінде қолданып, жаттығып үйренуіне мүмкіндік туады.
“Үйрену” деген ұғымның мазмұны өте кең. Психолог М.М.Мұқановтың пікірінше “үйрену” ұғымының кең болуы кез келген керекті де, керексіз де істі оқушы алдына осыны үйренейін деп мақсат қоймаса да үйренуі мүмкін. Ал оқу барысында білім алу арқылы үйрену белгілі мақсатқа негізделеді. Білім берудің мақсаты жүйелі түрде ғылыми мазмұнды іске асыру болса, үлескідегі сабақтың да көздейтін мақсаты - осы. Мәселен, 1-сыныпта оқушыларға өсімдіктің тұқымнан өсетіні жайында ұғым беру көзделіп отыр. Білімді практикалық жұмыс атқару барысында меңгеруді жүзеге асыру үшін үлескідегі сабақ ретінде ұйымдастыру, біріншіден, өсімдік тұқымының өнуі үшін қажетті жағдайды көрсетуге (топырақ, оны қопсыту, тұқымды отырғызу, су құю т.б.), екіншіден, тұқымды отырғызу ережесімен таныстыруға, үшіншіден, өсімдіктің тұқымымен танысуға, оны көріп, ұстап, топыраққа отырғызып, түрі-түсін, пішінін байқауға (құрғақ, сулы, түсі, түрі т.б.) мүмкіндік береді. Практикалық жұмыс нәтижесінде меңгерген ұғым арқылы оқушыда тұқым туралы тиянақты білім қалыптасады. Оған қажетті жағдайлар жайында ұмытпастай елес пайда болады. өсімдіктермен танысқан кезде де бұл білім негіздері әрі қарай дами түседі.
Білім беруге қойылатын педагогикалық талаптардың бірі - оқушылардың дағдысын қалыптастыру. Дағдының түрі көп, соның ішінде алған білімді іс жүзінде қолдану дағдысы, яғни оқушыларды іскерлікке жаттықтыру негізгі орын алмақ. В.П.Стрезкозин “Оқытудың теориялық деңгейін арттыруды оқушылардың дағдыларын жетілдірумен қоса жүргізбейінше тиімді деп санауға болмайды” - дейді /92,б– 194/.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған теориялық ұғым олардың жас ерекшелігіне лайықталып, нақты заттар мен құбылыстарға сүйене отырып, ғылыми шындыққа негізделіп беріледі. Осы тұста адам, табиғат, қоғам жайында берілетін білімді үнемі қоршаған дүниеден, өмірден, табиғаттан аламыз. Соның бір саласы үлескідегі сабақ десек, мұнда адаммен адам арасындағы қарым-қатынас қалыптасу, яғни, оқушылардың практикалық іс әрекет үстіндегі бақылау барысындағы бір-бірімен қатысы дамиды.
Үлескідегі сабақтың ерекшелігі -тірі табиғаттың дамуы туралы ғылыми ұғым қалыптасуына көмектесетіндігі. өсімдіктердің өніп-өсуін, дамуын күнбе-күн бақылап, көріп, тұжырымдау арқылы оқушының ой-өрісі де дамиды. өсімдіктердің дамуын қадағалай отырып, білім жүйелілігі де іске асады. Алғашқы сабақ тұқым отырғызуға арналса, келесі сабақтарда ол ұғым тереңдей түсіп, тұқымның қалай өнгенін, оны қүтудің жолын, ең алдымен өсідіктің қандай бөліктерінің пайда болғанын (өркен, өскін, сабақ, жапырақ т.б.), оның дамуындағы ерекшеліктерін меңгеру арқылы олардың ұғымы жеңілден ауырға қарай күрделенеді. үлескідегі сабақ белгілі мазмұнға арналған білім берумен оқушыны адамгершілікке, еңбекке баулу, үнемшілдікке үйрету, экологиялық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асырады.
Оқушылардың үлескідегі өздігінен атқаратын жұмыстары барысында ізденушілігі артып, шығармашылық дағдылары қалыптасады, өздері қолымен істеген істерінің нәтижесін көреді. үлескідегі сабақтың тағы бір тиімділігі - атқарылатын жұмыс үзілмей жалғаса отырып, оқушылардың білім алудағы іс-әрекеттерінің ұйытқысы болады. үлескідегі сабақтан алған білім сыныптағы сабақпен жалғасып, байланысып, кірігеді. Отырғызған тұқымдардың суретін салу, үлескінің сұлбасын сызу, тәжірибелер жасау (топырақтың қасиетін анықтау) сыныптағы сабақта жүзеге асады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда мұндай үзілмей, бірізділікпен берілген білім бала ойына түрткі болып, оның дамуына қозғау салады. Олардың ой қорытып, істеген ісінің нәтижесін тұжырымдау қабілеті артады. Мұндай сабақтар нәтижесінде оқушылар ауызша, жазбаша шығарма құрастыруға төселеді. үлескідегі сабақ барысында олар өздері өсірген өсімдіктер жайында ғана білім алып қоймай, бүкіл табиғи ортаны бақылауға төселеді. Мәселен, үлескіге отырғызған тұқымды күту кезінде өсімдіктерге зиянды және пайдалы жануарлармен танысады, өлі табиғат пен тірі табиғаттың байланысын аңғарады. өнбей қалған тұқым болса, мұғалімнің көмегімен оның себебін іздестіреді. (Тұқым жарамсыз болды ма, “тамыр жемірі” жеп қойды ма, қолайсыз жағдайға түсті ме т.б.).
Үлескідегі сабақ барысында оқушылар өсімдікке зиянды көбелектер мен оның қуыршақтарын кездестіреді, олардың өсімдікке қандай зиян келтіретінін бақылап біледі. Мұндай жағдайда мұғалімнің “өсімдіктерге зиянды бунақденелілер” тақырыбына арнап жеке сабақ ұйымдастыруына болады. Бағдарламада мұндай тақырыптардың өтілуі талап етілген. Сайып келгенде, үлескідегі сабақ - белгілі мақсатқа арналып, оқушылардың өздігінен атқаратын практикалық жұмыстары негізінде ұйымдасқан түрде білім берудің бір түрі. Сонымен қатар, ол білім берудің өте тиімді түрі деуге де болады. үлескідегі сабақтың нәтижесінде оқушылар өздері істеген істерінің, орындаған жұмыстарының нәтижесін көруге мүмкіндік алады. Олардың белсенділігі дамып, мұғалімнің көмегенсіз іс орындауға төселеді. Бұл үнемі қайталанған жаттығу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асады.
Табиғат бұрышындағы сабақта дүниетанудан білім берудің негізгі бір түрі (формасы). В.М.Пакулова мен В.И.Кузнецова білім берудің түрін (формасын) сөз етіліп келіп, оған мынадай анықтама берілген: “форма обучения - это организация учебно-познавательной деятельности учащихся, соответствующая различным условиям ее проведения (в классе, природе и т.д.) используемая учителем в процессе воспитывающего обучения” /91,б- 130/.
Қоршаған ортадан білім беру түрінің ерекшелігі - оның жеке түрлерінің ұйымдастырылу уақытының ұзақтығы жағынан бір-бірімен сәйкес келе бермеуінде. Бірі сыныптағы сабақ ретінде ұйымдастырылып, педагогика мен дидактикада белгіленген уақыт ішінде аяқталып отырса, енді бірінің уақыт ұзақтығы созылып кетуі мүмкін. Бірақ, ол да мақсаты, мазмұны және білім мен тәрбиелеу жағынан сабаққа өте ұқсас болады. Дегенмен, білім берудің әр түрінің тек өзіне ғана тән ұйымдастырылуы, білім беру мен білімді меңгерту әдісі, тәрбиелік және дамыту мақсаты бар.
Сабақтың негізгі құрылымдық бөліктері (компоненттері). Дәстүрлі сабақ пен технологиялық тұрғыда ұйымдастырылған сабақ (блокты-технологиялық сабақ) құрылымдарының салыстырмалы сипаттамасы. Технологиялық тұрғыда ұйымдастырылған сабақтың артықшылығы. Оны өткізу жолдары. Сабақты жоспарлау. Дәстүрлі сабақ жоспарының міндетті компоненттері: сабақ өтетін күн, сабақтың тақырыптық жоспарға сәйкес реттік нөмірі; сабақтың тақырыбы; сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаттары; сабақ құрылымы, яғни сабақтың негізгі бөліктері мен кезеңдерін, оларға бөлінетін уақытты белгілеу; сабақ мазмұны (оқу материалын бірқатар мағыналық бөліктер – «адымдарға» бөлу); сабақтың әрбір бөлігі бойынша оқушы мен мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдері; сабақтың әрбір кезеңіне арналған құрал-жабдық; үй тапсырмасы. Технологиялық тұрғыда ұйымдастырылған сабақты жоспарлау. СТК-лар мазмұны: күтілетін нәтиже; игерілетін білімнің оқушы үшін маңызы; сабақ алгоритмі; оқыту әдісі, ұйымдастыру формасы, оқушы іс-әрекетін (логикалық, танымдық, жаттықтыру және білімді есепке алу, интеллектуалдық) ұйымдастыру жолдары, ақпарат көздері, негізгі ұғымдар, сабақты бағалау, үй тапсырмасы.
Достарыңызбен бөлісу: |