Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет40/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС

Зертханалық сабақ – қоршаған ортаны оқыту формаларының бірі, оның ерекшеліктері, маңызы. Зертханалық сабақтардың тақырыптары бағдарламалық минимум). Зертханалық сабақтың құрылымы (нақты мысал­дар). Зертханалық жұмысқа қойылатын талаптар. Зертханалық жұмыстың зерттелетін материалдың мазмұнына қарай ие болатын сипаты (иллюстрациялық, зерттеу немесе аралас).

Тұсіндіру қоршаған ортаны оқыту әдістерінің бірі, оның ерекшеліктері, маңызы. Тұсіндіруге қойылатын талаптар. Қоршаған ортаны оқыту практикасында кіріспе, ағымдағы және қорытынды жағдайда қолданылады.

Қоршаған ортаны оқытуды күнтізбелік (перспективалық) және тақырыптық жоспарлау жұмысы негізгі орынды алады.

Қоршаған ортаны оқытуда жоспарлау түрлері: күнтізбелік немесе перспективалық (жылдық) жоспар, тақырыптық жоспар. Күнтізбелік жос­парды жасауда көзделетін мақсаттар. Күнтізбелік жоспардың әдеттегі бөлімдері: реттік нөмірі, тарау мен тақырып, сағат саны, өтікізілетін уақыты, орындалғандығы туралы белгі. Күнтізбелік жоспардың өзге нұсқасының бөлімдері: реттік нөмірі, өтікізілетін күні, сағат саны, сабақ түрі, сабақ әдісі, сабаққа керекті құрал-жабдықтар, пәнаралық байланыс, пайдаланылған әдебиеттер, үйге тапсырма, ескертпе. Күнтізбелік жоспарға толықтырулар мен өзгертулер енгізу жағдайлары, тәртібі. Күнтізбелік жоспардың тақырыптық жоспармен байланысы. Дәстүрлі сабаққа арналған тақырыптық жоспар ↔ СТК-лар. Дәстүрлі сабаққа арналған тақырыптық жоспардың мазмұны: сабақ мақсаты, сабақтың түрі, сабақтың әдісі, керекті құрал-жабдықтар, пайдалынған әдебиеттер, сабақтық құрылымы, үйге тап­сырма. .

Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта туралы білімін кеңейтудегі көрнекілік әдісінің алатын орыны.Көрнекіліктің түрлері (техникалық, бейнелі, таратпалы, табиғи т.б.)

Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта туралы білімін кеңейтудегі көрнекілік әдісінің алатын орыны.

Жоспары:


1.Қоршаған орта пәнін оқытуда қолданылатын көрнекілік түрлері.

2. Көрнекілікті қоланудың тиімді жолдары.

Қай пәнді оқытуда да көрнекілік әдісі қолданылмай оқу- тәрбие мәселесі жүзеге асуы мүмкін емес. Дүниетануды оқытудағы көрнекілік әдісі нақты заттарды, құбылыстарды, не оларды бейнелейтін мазмұнды суреттер мен техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады.

Көрнекілік әдісін жүзеге асыруда қолданылатын құралдар да,көрнекілік түрлері де (бейнелі көрнекіліктер: түрлі суреттер, мазмұнды картиналар; сызба көрнекіліктері:географиялық картаның түрлері,түрлі заттардың сұлбасы, физикалық географиялық карта; жиынтықтар:өсімдік және бунақденелілер, пайдалы қазбалар жиынтығы; табиғи көрнекіліктер; техникалық көрнекіліктер; өнер көрнекіліктері: әдеби кітаптар, музыка т.б.), оны қолдану тәсілдері де (көрсету, тапсырмалар орындату, түрлі жағдаяттар құру т.б.) сан-алуан. Көрнекілік әдісін қандай құралмен, қандай тәсілмен жүзеге асырса да оқушының өздігінен жұмыс атқаруына, ой қорытуына жағдай жасау міндеті бірінші қатарда тұрады. Көрнекілік әдісінің маңыздылығы - ұғымды меңгерудің сенсорлық, сезімдік жағы басым болуында. Көрнекілік негізінде талдау, заттың ерекшеліктерін жіктеу арқылы оқушылардың ойы мен тілі дамиды. Көрнекілік әдісінің тәсілдері пайдаланатын көрнекіліктің түріне қарай өзгеріп отырады. Мәселен, өсімдіктер мен пайдалы қазбалардың жиынтығын пайдалану барысындағы оқушылардың атқаратын өзіндік жұмысы мен өнер көрнекіліктерін пайдаланудағы әрекеттері бірдей бола алмайды.

Көрнекілік әдісі арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар олардың бұрын алған білімін де кеңейтеді. Көрнекілік оқушылардың эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.

Кез келген заттың не құбылыстың басты және өзіне тән қасиеттерін, басқа затқа ұқсас ерекшеліктерін айыру да көрнекілікті пайдалану бойынша жүзеге асады. Мұндайда мұғалімнің әсерлі сөзі оқушылардың бұрын алған білімдерін ойларын түсіріп, жаңа қабылдайтын ұғымға қызығушылығын тудырады, сабаққа деген белсенділігін арттырады. Көрнекілік әдісі тек жаңа білім беру барысында ғана емес, білім тексеру, қорытындылау кезінде де қолданылады. Сабақтың мақсатына байланысты көрнекілікті қолдану мақсаты да өзгеріп отырады.

Көрнекілікті қолдану бірнеше кезеңде өтеді:

а. Көрнекілік түрін тақырып мақсатына қарай сәйкестеу;

ә. Көрнекілікті пайдаланудың жоспарын жасау;

б. Көрнекілікпен жұмыс жоспарын оқушыларға түсіндіру, тапсырмалар беру;

в. Оқушылардың жоспар бойынша атқаратын әрекеттері;

г. Көрнекілік бойынша жұмыстың нәтижесін қорытындылау.

Оқушылардың көрнекілік арқылы қабылдаған сезімдік ұғымдары олардың қоршаған дүние заттарын сан-алуан көрінісімен, қасиетімен, өзіндік бояуымен ұғынуына мүмкіндік туғызып, жан дүниесін байытады. Оқушылар бұл білімдерін басқа жұмыстар атқару кезінде де пайдалана алады.

Көрнекілік түріне оқулықтың мәтіндеріне байланысты берілген суреттер де жатады. Мұның ерекшелігі суреттер тақырып мазмұнына тікелей байланысты болады да, сол мәселені талдау үшін қолданып, талдауға болады.Білім беруде әсіресе, көркем сөз көрнекілігін де естен шығармауға тиіспіз. Қоршаған ортадан білім беруде, түрлі табиғи көріністерді, жануарлар мен өсімдіктер ерекшелігін суреттеуге арналған өлеңдерді пайдалану арқылы, оны мәнерлеп оқыту бойынша көркем сөз көрнекілігін пайдалану жүзеге асады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет