Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет42/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Ж.Әбиев және басқалар, «Педагогика», Алматы, «Дарын», 2004 ж.

2.В.П.Горощенко, И.А.Степанов, “Методика преподавания природоведения”, М.,”Просвещение”, 1984г.

Оқытудың интерактивтік әдістері

Лекцияның мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортадан

білім беруде белсенді әдістерді қолдану және олардың түрлері туралы ұғым беру.



Лекцияға керекті құралдар: Интерактивті әдістердің түрлерін көрсететін сызба.

Жоспары:

  1. Интерактивтік әдістер туралы жалпы түсінік.

  2. Интерактивті әдістердің түрлері.

  3. Интерактивті әдісті қолданған сабақ жэоспары.

Лекцияның барысы:

Интерактивтік деген термин соңғы кезде жиі қолданылып жүр. Бұл оқушылардың белсенділігінің артуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деп қарай аламыз. Кеңірек айтсақ, сабақ барысында оқушылардың өз арасындағы және оқытушы мен оқулар арасындағы кез келген мәселенің шешу жолын және бұл шешімнің қаншалықты дәрежеде тиімді екенін талқылау түрінде жүргізілетін жоғары деңгейде өтілетін өзара әрекеттестікпен өтетін оқытуды интерактивтік деп атай аламыз. Мұндайда қойылған проблеманың жауабынан гөрі, оны шешу шешу процесіндегі әрекеттің маңызды екенін түсіну керек. Интерактивтік әдістің мақсаты тек ақпарат беру ғана емес, оқушылардың өздігінен жауап іздеу дағдаларын қалыптастыру. Интерактивтікәдіс өзара әрекеттестіктің алуан түрлері мен міндеттерін қамтиды. Бірақ, қандай әдістер мен тәсілдер қолданылса да, оқушының өмір тәжірибесі мен бұрын меңгерген ұғымдары негізгі білім көзі болып табылады. Ол әрекет мына төмендегі қарым-қатнаста байқалады:

1. Оқытушымен –оқушының арасындағы қарым-қатнас (оқытушының сұрақтарына жауап бергенде);

2. Сабаққа қатысып отырған өзге адамдармен арадағы қарым-қатнас;

3. Басқа оқушылармен (жұптасқан жұмыс барысында);

4.Шағын топтармен арадағы қарам-қатнас ( 3-5 оқушы арасында);

5. Үлкен топтармен арадағы ( рөлдік ойындар, дебат, тақырыптық талқылаулар т.б.).

6. Оқушылар және жұртшылық топтарымен ( әлеуметтік сауалнама жүргізгенде);

7. Техника түрлерімен ( компьютер, кинофильм т.б.).

Мұндай әрекеттестік негізінде оқушылар оқу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алады өзшешімдерінің дұрыстығына көз жеткізеді, тіпті болмағанда оның басқа жобалардан гөрі артықшылығын байқауға логикалық түрде түсінеді. Сонымен қатар оқушы өз пікірін тереңірек қарастыруға тырысады. Жүйесіз құрылған шешім бағыты жұмыс барысында, пікір алмасу кезінде байқалып қалады. Мұның өзі оқушының ізденуіне негіз салады. Оқушылар мәселені шешу кезінде пікірлескендіктер, бір-бірінен үйреніп, бірінің-тәжірибесін бірі қабылдайды. Жаңа бағыт, жаңа ұғым алады.

Жұптасып және шағын топтарда жұмыс істеу барысында әрекеттесу арқылы оқушы қысылмай өз ойын айтуға дағдаланады. Кейбір өз ойын бүкіл сыныпта ашық айтуға қысылатын оқушылар осы шағын топта не жұптасу кезінде ойын айтып, ашылып сөйлеп үйренеді де, біртіндеп белсенділік көрсетуге дейін көтеріледі. Өйткені шаған топ ішінде ол з ойын қысылмай бөліседі. Сонымен қатар пікірдің әр түрлі болатындығына да көзі жетеді. Осы арқылы оқушының ақыл-ой белсенділігінің дәрежесі де көтеріледі.

Жаңа технологияны қолданудың нәтижесінде қол жететін іскерлік, білімдік және практикалық дағдыларға мыналар жатады:

-фактілерді еске сақтау;

-жаңа материалды саналы ұғыну;



  • алған білімдерін жаңа жағдаяттар барысында қолдана алу;

  • кез келген жағдайда нәтижені жеке бөлімдерге бөлшектеу ,яғни анализдеу;

  • жеке ойларды біріктіру, яғни синтездеу;

  • бағалау (бір заттың сапасына пікір білдіру.

Интерактивті әдісті қолдануға мұғалім бірден көше алмайды. Оы қолдану кезеңінен бұрын біраз дайындық жұмыстары жүргізіліп, сынып оқушыларының белсенділігін күшейтіп алу керек. Ол үшін сабақтар барысында түрлі жаттығулар кешендері ұйымдастырылады. Мәселен, әр түрлі жаттығулар орындату арқылы оқушы бойында керекті түсінікті қалыптастыру. Ол үшін: оқушыларға берілетін тапсырманы таңдау; берілген тапсырмалардың сынып оқушыларының мүмкіндегіне сәйкестігін анықтау; тапсырманың қалай орындалатындығын және оған беретін оқушылардың жауабын алдын ала жоспарлау; оқушыға қиын соғатын ұғымдарды алдын ала түсіндіру; оқушыларға нұсқау беру (жұмыстың мақсатын, қалай орындау әдісін); топтың құрамын анықтау (кімнің кіммен отыратынын, үлгерімі әр түрлі оқушыларды араластырып отырғызу). Осы дайындықтардан кейін жұмыстың барысы мен нәтижесін қадағалауға мүмкіндік туады.

Жұмыстың барысын қадағалау кезінде мұғалім әр топтың жұмыс істеуінде оқушылардың түгел қатысуын байқауға тиіс, себебі, бір немесе екі оқушы ғана сөйлеп қалғандары оның пікірін тыңдаушы есебінде қалса, қолданған әдісті интерактивтік мақсатқа жетті деу қиын. Шағын топтарда оқушылардың пікір алмасуы , бір-бірін тыңдауы, жолдастарының пікірімен санаса білуінің маңызы зор. Сондықтан да оқу процесінің үстінде мұғалім үнемі топтпрдың арасында болуға, олардың пікірталастарын тыңдауға тырысуға тиіс. Әр оқушының өз көзқарасын айтуына жағдай жасалғанда ғана олар жасқанбай өз тұжырымдарын айта алады. Кейбір оқушылардың үстемдік жасауына жол бермеуге тырысу. Сонда ғана олар бір-біріне көмектесе алады және ортақ қортындыға келеді.

Қортынды кезеңінде әр топ өз тұжырымын айтуға тырысады. Бірақ барлығы бірдей тұжырымға келуге тиіс. Әр түрлі пікір болған жағдайда , оны дәлелдеуге шақыру керек. Мәселен, неге бұлай деп ойлайсың№ Дәлелде, деген сияқты бағыттау арқылы. Мұндай бағыттау әсіресе, қарама-қарсы пікірлер туғанда болады. Қортынды кезінде әсіресе, тұйық балаларды сөйлетуге көңіл бөлінген дұрыс, олардың пікірлерін қолдап, отыру керек. Сонымен қатар мұндай пікірталас кезінде оқушылардың пікірін дұрыс емес деуден аулақ болу керек. Оның орына айтқаныңды дәлелде, неге солай депойлайсың деген жағдайда оқушы ашық пікірлесе алады.

Интерактивтік әдісті қолану оңай емес. Себебі, бұл мұғалімнің өте мұқият дайындығын керек етеді. Себебі, орындауға ұсынатын тапсырманың шарттарын алдын ала анықтау; қиындыққа соғатын жерде көмекке келу әдісін анықтау; пікірлерін тереңдете түсу үшін ұтырлы жерінде сұрақтар беруге дайындалу; оқушылардың пікір алмасуына жағдай туғызу жолдарын айқындау т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет