Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет50/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
ДӘРІС

Экрандық көрнекілік түрлері, оны сабақтарда қолдану ерекшелігі.

Экрандық көрнекі құралдар оқушылардың танымдық өрісін кеңейтуге себебін тигізеді. Оқушылар табиғаттан тікелей бақылай алмайтын құбылыстармен танысуға мүмкіндік алады.Экрандық құралдарды сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға болады. Мысалы, 3-сыныпта «Табиғаттағы қысқы құбылыстар» бойынша өткізілген сабақта қыс туралы әңгімелесудің соңынан, кинофильді көрсетуден бұрын, мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, «Қыс» кинофильмін көрсетеді, сосын қойылған сұрақтарға жауап бергізеді.Жаңа материалды түсіндіру кезінде, мысалы, пайдалы қазбаның қасиеттерімен таныстырып, оны қалай өндіретінін диафильмен көрсеткен жөн.Экрандық құралдарды пайдаланудың алдында проблемалық сұрақтар қою керек: «сендер тастардың суда, теңіздер мен мұхиттар тереңінде пайда болғаны туралы бұрын естідіңдер ме? «Известняки» диафильмі осы сұрақтан басталады. Оқушылар қызығады, белсене қарайды. Оқушылардың ойлау қабілетін жандандыру үшін сабақта экрандық құралды пайдаланғанда алған білімді есте сақтауға мүмкіндік беріп, оны нығайтып, кеңейте түсуге ықпал жасайды. Логикалық ойлау әрекетін дамытуға себебін тигізеді.

Мұғалім диафильмнің толық немесе жаңа кадрларын көрсете отырып оқушылармен әңгімелесе алады.

Дүниетанудың кез-келген сабағында иллюстрациялар көрсетуге компьютер тамаша құрал болып табылады.

Кинофильм көркем мәнерлі құрал, эстетикалық сезімдер дамытады. Тәрбиелік маңызы зор. Ол біздің табиғатымыздың байлығы мен әдемілігін көрсетеді. Оны аялап қорғауға үйретеді. Бейнефильмнің де маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет