Бейнелеу көрнекі құралдары. Оқу таблицалары және картиналар, қолдану ерекшелігі
Қоршаған ортаны оқытуда қолданатын негізгі бейнелі құралдар.
Оқушылардың табиғаттану тусініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және дамытуда қолданылатың бейнелеу көрнекі құралдармен жұмыс істеу ерекшелігі.
Бейнелі көрнекі құралдар: картиналар, таблицалар, фотосуреттер, открыткалар, иллюстрациялар.
Таблицаны пайдалану әдісі: оны анықтап қарау, объектілерді зерттеп, бөліп көрсету, олардың арасындағы байланыстарды белгілеу, объектілерді басқа объектілермен салыстырып, оның табиғаттағы орнын анықтау.
Таблицаны анықтай отырып табиғи объектілерді қосымша пайдалануға болады.
1-сыныпқа арналған таблицалар жылдың әр мезгілінің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы – «Көктем».
Өлі табиғатта көктемде қандай өзгерістер болады? Аспанның түсі қандай? Қар қандай күйге түсті? Өзен қалай өзгерді? Өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Бұл таблицамен жұмыс істегенде осы жыл мезгілінің ерекшелігі ашылып, маусым туралы жалпы түсінік беріледі.
Жеке объектімен толығырақ танысуда таблица пайдалануға болады, мысалы, «Аюлар»: Аю қайда іршілік етеді? Ол немен қоректенеді? Қолайсыз ауа-райында аю қайда жасырынады? Аюдың тұлыбын (терісін) көрсетуге болады.
4-сыныпта картиналар табиғат зоналары бойынша қолданылады. Бұл картиналарда жер беті, өсімдіктер, жануарлар, адамның өмір сүру жағдайлары көрсетілген. Бұл картиналарды салыстыруға болады.
Мысалы: дала өсімдіктері мен шөл өсімдіктерін салыстыру, дала жануарлары мен шөл жануарларын салыстыру.
Салыстыру нәтижесінде оқушылар өсімдіктер мен жануарлардың тіршіліктеріндегі ерекшеліктерін кеңінен аңғарады.
Таблица бойынша әңгіме құрастыруға, табиғат объектісін (жануарларды, өсімдікті) қысқаша сипаттап, жазуға болады. Таблицалармен бірге открыткаларды, фотосуреттерді пайдалануға болады. Олардың оқушылардың жеке жұмыс істеуіне көмегі мол.
Өткен сабақты бекіту үшін открыткалар бойынша жеке тапсырмалар беріледі. Жаңа сабақты түсіндіргенде де открыткалар пайдалануға болады.
Журналдар мен кітаптардан алынған бояулы иллюстрациялар да пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |