Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Управление культуры


наурыз А.Н.ОСТРОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ



бет16/86
Дата06.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41874
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86
1 наурыз
А.Н.ОСТРОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ
ашылғанына 160 жыл (1858)
А. Н. Островский атындағы орыс драма театры ғимараты 1858 жылы салынған. Труппа 1859 жылдың күзінде құрылып, Островскийдің “Жарлылық ұят емес” атты комедиясымен тұңғыш рет шымылдық ашты. Алғашқыда театр труппасында әуесқойлар ойнады. Олардың репертуары да негізінен водевиль мен комедиялардан құралды. 1880 жылдың басында кәсіпқой театрға айналып, репертуарынан Островскийдің пьесалары тұрақты орын алды. 1960 жылы театрға Островскийдің есімі берілді. 1960, 1970 және 1985 жылдары театр труппасы Алматыда өнер көрсетті. Оның репертуарынан қазақ, орыс қаламгерлерінің шығармалары, шетел драматургиясының туындылары орын алды. Мұнда әр жылдары Қазақстанның халық әртісі З.М.Акимова, Б.М.Астахов, П.И.Годынок-Строгонов, Н.В.Молчанов, Л.В.Протасов, Г.И. Пушкарев, режиссер, Ресейдің еңбек сіңірген әртістері В.К.Данилов пен П.П.Поддубный, А.И.Громов, Е.И. Муромцев, В.П.Вронский, әртістер А.К.Алексимов, М.Чечин, Л.Яковлев, С.Ф.Даров, Т.Н.Денщикова, О.В.Игнатовская, Н.С.Клименко, К.С.Павлинская, О.Таманцева, Г.Е.Чумак, т.б. қызмет етіп, театрдың дамуына мол үлес қосты.
ӘДЕБИЕТТЕР

Орыс драма театры.//Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы: “Арыс” баспасы, 2002.- 441 б.


А. Островский атындағы драма театры //Титенев В. Қазақстан театрлары.- Алматы.- 2015.- 164 - 167 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет