Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Управление культуры


қыркүйек №15 ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА



бет24/86
Дата06.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41874
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86
1 қыркүйек
15 ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН МЕКТЕП- ИНТЕРНАТ
ашылғанына 55 жыл (1963)

№15 көмекші мектеп интернатының іргетасы 1963 жылы қаланған. Аталмыш білім ұясының бүгінгі атқарып келе жатқан айтулы ізденістері еліміздегі барлық арнаулы мектептеріне үлгі болуға әбден лайық. Заманымыздың аумалы-төкпелі кезеңіндегі қиындықтарға мойымай, еңсесін түсірмей келе жатқан жарты ғасырлық тарихы бар білім ұясы. «Көп болып көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Мектептің аяғынан тік тұрып кетуіне мектептің тұңғыш директоры болған В. Захарова 1963 жылдан 1971 жылға дейін еңбек етті. Содан соң Е. Кочубей 1971-1978 жылдары аталмыш мектепке жетекшілік етті. Сол бір қиын–қыстау заманда алғашқылардың бірі болып білім ұясын көркейтуге бұл адамдардың қаншалықты тер төккені халыққа аян.


Бүгінгі таңда осы адамдардың ісін ілгері жалғастырып, ұстаздардың ұстазы атанған, мектепті республика көлеміндегі бірінші нөмірлі мектептер қатарына қосқан, бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Ысқақова Мағрипа Есенғұлқызы жетекшілік етті. Мектеп жаңа сатыға көтеріліп, 1991 жылы жаңа типтік мектеп кешеніне айналды. 1997 жылы мектептің іс-тәжірибесі республикалық семинарда таратылды. Мектептің мұғалімдері Ж. Қарабалина, М. Демченко, Т. Жаниева, О. Бәкіровалар осы семинар-кеңесте үлгілі сабақтарын өткізіп, республикадағы арнаулы мектептер арасында жоғары бағаға ие болды.
Білім берудің қай түрі болса да негізінен сабақ арқылы іске асады. Сондықтан сабақты дұрыс ұйымдастырып, жаңаша іздене отырып, мұғалімдер жеті пән әдістемелік бірлестігін құрды. Бұл бағытта мұғалімдер Р. Ахметова, Х. Давкариева, Б. Забесова, Г.Ілиясова, Л.Алексеева, С. Абдушева, А. Тоқсанбаева, К. Болатова, Ұ. Серғазиева, С.Қыстаубаева, тәрбиешілер Т.Смирнова, Т. Орашева, С.Есенбаева, Э. Умарова т.б. зор табыстарға жетті.
Мектеп-интернаттың іші-сыртының тазалығы, жинақылығы, оның талапқа сай талғаммен көркемделуі де мектеп ұжымының ынтымақты еңбегін көрсетеді. Бұл ұжымның 2000 жылы республика көлемінде өткізілген интернаттар сайысында «Ең үздік интернат» атағын жеңіп алуы да бекерден бекер емес.
2013 жылы желтоқсан айында талайларға құт орда болған білім ұясына тура 50 жыл толады. Бұл мектеп үрдіс-дәстүрді, тағылым тәрбиені, оқу-білім деңгейін төмен түсіріп көрген емес.
ӘДЕБИЕТТЕР

Балғарина Б, Мерейді мейір өсіреді /№15 мектептің директоры /Б. Балғарина //Егемен Қазақстан.- 2001.- (№269-272)


Бакей Г., Жайықтың жыр қыраны - Қадыр ақын /Г. Бакей //Тәрбие сағаты.- 2015.- №1.- 17-20 б.
Бекмұхамбетова,К.Мерейі үстем мекеме /К.Бекмұхамбетова //Қазақстан мектебі.- 2004.- №2.- 34-36 б.
Білім шаңырағына 35 жыл /№15 көмекші мектеп интернатының 35 жылдық салтанатты рәсімі болып өтті. //Жайық үні.- 1999.- 4 ақпан (№3-4).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет