20 мамыр
АЛПАМЫС БЕКТҰРҒАНОВ
туғанына 70 жыл (1948)
Алпамыс Бектұрғанов 1948 жылы 20 мамыр күні Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келген.
Алпамыс мектеп қабырғасында жүріп өлең шығара бастайды. Кейіннен проза жаза бастаған ол өзінің туған қаласының танымал тілшісі ретінде көзге түсе бастайды. Тамаша шығармалары үшін республикалық балалар газетінің редакциясы Алпамысты “Бастамашы автор” құрмет грамотасымен марапаттайды.
Мектеп бітірген соң А. Бектұрғанов өзінің еңбек жолын локомотив депосынан бастайды. Сол жерден әскер қатарына шақырылып, өзінің әскерлік борышын өтеп болған соң педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түседі.
1973 жылы “Жұлдыз” журналының беттерінде оның шығармалары жарық көре бастайды.
1984 жылы А. Бектұрғанов Орал қаласына келіп “Орал өңірі” газетінде қызмет етеді. Ал, 1994 жылдан бастап облысымыздың жазушылар ұйымын басқарды.
Оқырмандар А. Бектұрғановты “Із кесу”(1980), “Жарқанат операциясы” (1985), “Сен кімсің?” (1990), “Тұрыңыздар, сот келеді” (1998) повестері “ Топырағыңа табын” (2001) романы арқылы таниды.
ӘДЕБИЕТТЕР
Бектұрғанов А, Жарапазанды жаным сүймейді /А. Бектұрғанов //Орал өңірі.- 2008.-17 мамыр.- (№56).
Бектұрғанов А. Тұрыңыздар, сот келеді: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1998.- 224 бет.
Бектұрғанов А. Сен кімсің?: Повесть.- Алматы: Жалын, 1990.-176 бет.
Бектұрғанов А. Топырағыңа табын: Роман, повестер, әңгімелер.- Алматы: Өлке, 2004.- 520 бет.
Ол туралы
Бектұрғанов А. //Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы: Арыс баспасы, 2002.- 186-187 б.
Достарыңызбен бөлісу: |