1 қыркүйек
ОБЛЫСТЫҚ ЕСТУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП- ИНТЕРНАТ КЕШЕНІ
құрылғанына 80 жыл (1938)
1938 жылдың 28 қыркүйек күні Орал қаласында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп ашылды. Бұл мектептің алғашқы мұғалімдері - Железнинская А. И. Муравьева А.П. Ленинград қаласынан арнайы әзірліктен өтіп келген болатын.
Ең алғаш жиналған балалардың саны – 16, олардың жас шамасы 8-16 жас аралығы болатын.
Бұл мектептің бірінші директоры - Железнинская Александра Ильинична. Ол білім деңгейі жоғары, әділ педагог еді. Мектеп шаруашылықпен қоса айналысып, балалар шөп шауып, картоп егумен айналысты. Мұнда мектептің шеберханасы да жұмыс істеді.
Сөйтіп, 1940 жылдың 1 қазанында 40 орындық интернат кешені іске қосылды.
Отан соғысы басталып, мектеп- интернат 1945 жылға дейін жабылды.
1951-1954 жылдар арасында мектеп директоры болып М.Ф.Малашенко тағайындалды. Бұл кезде мектепке жаңадан мұғалімдер мен жетекшілер келе бастады. Олар: Богуслав А. И., Чачуа М.Н., Балушина Л.М:, Семенова В.Ф., Холопова Г.Н., Казакова И.С. болатын. Атқарған істері үшін Крылова А.А.- Ленин орденімен, Наумова Б.А.,Бобрышева Л. Д.- еңбек озаты медалімен, Железнинская А.И., Крылова А.А., Давыдова М. Ф.- Қазақ ССР-інің Жоғары Кеңесінің грамоталарымен марапатталды.
Қазіргі кезде мектепте 123 оқушы білім алуда, Олардың 61-і интернатта жатып оқиды. 70 мұғалім мен жетекшілер, олардың 15 - нің арнаулы дефектологиялық білімі бар, 11-і жоғары категориялы мұғалімдер.
1994 жылдан мектеп директоры болып Ақышев Асқар Ашуевич жұмыс жасайды, оның жетекшілігімен мектеп-интернатта оқу бағдарламалары құрылды. Мектеп жыл сайын жас мамандармен жаңарып келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
Арнаулы мектепке 60 жыл. //Орал өңірі.-1998.- 14 қараша.
Берігелді Т. Көзбен көргенді көңілге тоқып.[Орал қаласындағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған мектеп- интернаты] // Орал өңірі.- 2003.- 13 қыркүйек.
Қаматайұлы Ш. Мектеп жаңа оқу жылына әзір. //Орал өңірі.- 7 тамыз.
Таубаева А. Ұстаз ұлағаты. [Мектеп директоры Ақышев Асқар туралы] //Жайық ардагері.- 2005.-1 қыркүйек (№18)
Достарыңызбен бөлісу: |