Базальды қабат



бет48/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Ылғалдандырғыш үшін жиі Буров сұйықтығын (1 стакан суға1асқасық),0,25%танинерітіндісін,3%натрийтетраборат
ерітіндісін, 0,25% мырыш сульфаты ерітіндісін қолданады. Шай, түймедақ, алтей тамырының қайнатпасынан жасалған ылғалдандырғыш эпителизацияны қалыптастырып, ісікті және гиперемияны азайтады. Импетигинизация және микробқа қарсы ерітінділер резорциннің 2-5% ерітіндісін, этакридин лактаттың 0,05-0,5% ерітіндісін, 0,02% фурацилин және 0,01%- 0,1% калий перманганаты ерітінділерін қолданады. Ылғалдандырғыштар арасындағы үзілістерде ошақтарды 0,5-2% күміс нитраты ерітіндісімен, фукорцинмен, 2% бриллиант жасылы ерітіндісімен бояйды (туштайды) және өсімдік немесе мырыш майымен майлайды. Микробты экземада қысқа уақытқа стафилококкты бактериофагтан жасалған таңғыштар қолданады. Жедел қабынуды жою үшін сықпа және жақпамайлар қолданады. Жақпаларды ылғалданған аймаққа, бастың шашты аймағына және басқа терінің түкті қабаттарына жағуға болмайды. Экземада жиі 5% бор-нафталан, 3% ихтиол, 5-10% нафталан, 5-10% қарамай- нафталан және 2-5% анестизин қосылған 2-10% ихтиол-нафталан сықпалары қолданылады. Экземаның жеделдеу, әсіресе созылмалы түрінде жақпамайлар қолданады. Жақпамайлар жараның қабығын жібітіп, қышуды азайтады. Экземамен ауыратын науқастардың көптеген дәрілік заттарға сезімталдығы жоғары болған жағдайда индиферентті жақпамайлар – (мырышты, нафталан) қолданады. Сезімталдығы жоғары емес науқастарға құрамында күкірт, ихтиол (2-10%), қарамай, АСД (5- 10%), 2-10% – бор-нафталан, 1-3% индометацин бар жақпа майлар қолданады. Айқын құрғау байқалса жақпамайларға ретинолдың майлы ертіндісін, күнбағыс майын, шабдалы майын қосады. Жақпамай, крем, суспензия түрінде қолданылатын глюкокортикоидты препараттар (0,5% преднизолонды жақпамай, синафлан, синалар, деперзолон, элоком және басқалар) айқын қабынуға, қышуға қарсы әсеркөрсетеді.
Соңғы жылдары экземаны емеуде аскомицин макролактамының өнімі – такролимус және Ресей елінде қолдануға рұқсат етілген пимекролимус кеңінен қолданылады. Бұл екі препарат құрамы мен әсер ету механизмі ұқсас жаңа иммунодепрессанттардың ізашары болып табылады жәнеде
қабынуға қарсы күшті әсер көрсетеді. Пимекролимус T- лимфоциттердің макрофилин-12 цитозольдік рецепторымен арнайы байланысқа түсіп, олардың белсенділігін тежеп, қабынуға қарсы цитокиндер – интерлейкин-2 және γ-интерферон (Th1-тип)
– түзүлуін ингибирлейді, сонымен қатар адамның Т- клеткаларындағы интерлейкин-4 және интерлейкин-10 синтезін белсендіреді. Пимекролимус мес клеткаларынан қабыну медиаторларының босап шығуын азайтумен қатар, қабынуға қарсы цитокиндердің түзілуінің алдын алады.
Микробты экземада немесе импетигинизациялық көріністе антибиотиктермен немесе дезинфекциялаушы заттармен қосылған глюкокортикоидты жақпалар қолданады. Тері гормондарының абсорбция мүмкіндігін еске алып, гормональды жақпаларды әртүрлі қатынасына тағайындауға болады (1:1, 1:2, 1:3 және т.б), сөйтіп оның әсерін жоғарлатады. Құрамында микробқа қарсы заттар бар глюкокортикоидты заттарды аэрозоль түрінде қолдану ыңғайлы: оксициклозоль (окситетрациклин, преднизолон), оксикорт, полькортолон. Экземаның созылмалы түрлерінде қабыну құбылысының басылу кезінде селективті фототерапияны (субэритемді, кейін эритемді дозасын күн сайын, курс ұзақтығы 15-20 күн) пайдаланады. Сонымен қатар, жақпа май фонофорезі, оксигенотерапия ұсынылады. Айқын лихенизация аймақтарына озокерит, парафин, емдік балшықтар аппликациясы 10-20 күнге тағайындайды. Кейбір жағдайларда басқа да тиімді әдістер қатары қолданылады: рефлекторлық (жанама) физиотерапия, жанама диатермия, ине-рефлексті ем, сәулелі терапия. Экземаның емінде ересектер мен балаларда маңызды рольді тиімді гипосенсибилизацияланған диетаалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет