Базальды қабат



бет49/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

55. Гуммозды мерез- терімен, қоршаған тінмен байланыспаған, 2-3 см және одан да үлкен тері асты шел май қабатында түзілетін, ауырсынбайтын түйін. Аздап үлкейіп, түйін терімен қосылып, қозғалғыштығынан айырылады. Ортасында түйін жұмсарып, кішкентай тесік түзіліп, одан созылыңқы, «гумма» атанған салқындау сұйықтық бөлінеді.Өліеттену нәтижесінде тесік үлкейіп, тығыз, түбінде шеттері жыртылып тұратын жара пайда болады. Жараның түбінде жайлап бөлінетін, кейін жара түзілетін, өлі гуммозды негізі орналасады. Терең жұлдызшалы тыртық түзіледі. Әдетте, науқаста, сирек бірнеше, бір гумма болады.Мерездік гумманың ажырату диагностикасы скрофулодермамен, индуративті (тығыздалған) эритемамен жүргізіледі. Гуммозды сифилид балтырдың алдыңғы бетінде ,ауыз қуысының кез-келген жерінде орналасады: жиі тілде, қатты және жұмсақ таңдайда. Әдетте, бір ғана гумма пайда болады. Алдымен ауырсынатын түйін пайда болып, кейін ол үлкейіп, ашылады. Гуммозды негіз бөлініп, гуммозды жара пайда болады. Гумма таңдайда орналасқанда процесстің аяқталуында перфорация болады.
Клиникалық көрінісі гумманың орналасқан жеріне байланысты болып келеді. Тілдің зақымдалуы бөлек гумма (түйінді глоссит), сирек диффузды склерозирлеуші глоссит түрінде болуы мүмкін. Бұл формалары қосарлануы мүмкін. Алдымен тілдің ішінде (қалыңдығында) негізінен плазматикалық клеткалармен диффузды инфильтрация пайда болады, тіл аздап ұлғаяды, бірақ бұл жағдайда ешқандай түйіндер түзілмейді. Тіл тығыз, көптеген аумақтарында кілегей қабығы қалыңдаған болады. Кейін инфильтрат тілді тартып тұратын тыртықты тінмен алмастып, нәтижесінде ауыр трофикалық бұзылыстар пайда болып, тіл кішірейіп, одан сайын тығыздалып, беті кедір- бұдырланып, емізікшелері тегістеледі. Тілдің арқасында ауырсынатын жарылулар, трофикалық жаралар, олардың шеттері кейде қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Диффузды склерозирлеуші глосситтің фонында бөлек гуммалар (аралас глоссит) түзілуі мүмкін.
56. Кеш туа пайда болған мерездің сенімді және ықтимал белгілері. Бұл формаға 4-5 жастан асқан балада кездесетін мерездің кез-келген көрінісі жатады. Кеш туа болған мерездің нақтылы (шартсыз) белгілеріне Гетчинсон триадасын – интерстициальды (паренхиматозды) диффузды кератит, мерездік лабиринтитті және Гетчинсон тістерін жатқызады.
Паренхиматозды кератит осы инфекцияның формасының патогномиялық белгісі болып саналады. Ол әдетте, көздің мүйізді қабығының бұлдырланып, жарықтан қорқу сезімімен, жас ағуымен, блефароспазммен сипатталады. Әдетте, алдымен бір көз, кейін екінші көз ауырады. Процесс ұзақ уақытқа созылып, жазылуы баяу болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет