Бекітемін Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бакирова А. Т. 20 ж. " " Бекітемін



бет8/9
Дата01.03.2023
өлшемі419,72 Kb.
#170723
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қаз тар ашық саб

Тапсырма . Жеке жұмыс. «ПТМС» әдісі.
Шарты: білімгерлер позициясын таңдайды. Таңдаған позициясына 1 себеп, 1 мысал келтіреді. Айтылған мәселе бойынша қорытынды жасайды.
Позиция (Қазақ халқының материалдық мәдениетінің дамуы және әр кезеңде жалғасуын тапты деп санаймын/санамаймын)

  1. Түсіндіру (1 себеп)

  2. Мысал ( мен мынандай 1 мысал арқылы дәлелдей аламын)

  3. Салдар (осылайша айтылған мәселе бойынша қорытынды жасаймын)

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:


« Мұғалімге жедел хат»
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
ҮІ. Үйге тапсырма
Қазақ халқының материалдық мәдениеті оқу, түсінік айту.
«Үй жиһаздары», «Қолөнер бұйымдары»слайд жасау.
ҮІІ. Бағалау


ЛЕКЦИЯ
Киіз үй тарихынан. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған. Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIII— ғ. екінші жартысынан) пайда болған. Киіз үй; «Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау — тарихшылар үшін аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Европа мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Қөпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияның мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын «таңдау» бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғаты қытымыр болса да жері шүйгін ен даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, «қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек қана өзіне тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты. Жер төсін тырмалаған отырықшыларға қарағанда көшпелілердің өндірістік негізі әлде қайда берекелі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет