Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет37/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
Байланысты:
дш

Мотивациялық 
құндылықты 
компонент
.
Мотивтер 
білім 
алу 
барысындағы ойдың, қабілеттердің дамуының қозғаушы күші. Педагогика 
және психология түсіндірме сөздігінде (Мотив; фран.
мotif, 
лат. 
Moveo

қозғаймын
) –субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және 
оның белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті туғызушы түрткі 
ретінде қарастырылады [159].Мотивация (ағылш.
motіvation
) – қолданылу 
ыңғайына қарай қазақша «ниет», «түрткі», «кірісу», «жігерлену», «ынталану» 
сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі замандагуманитарлық 
ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. «Түрткі» термині субъектінің 
белсенділігін туғызатын түрлі құбылыстар мен күйлерді білдіру үшін 
қолданылады. Түрткі – адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін себеп. Кісінің өз 
қажетін өтеуі оның түрткілеріне байланысты [160].
Мотивациялық-құндылықты
компонент 
рефлексивтік 
мәдениетті 
дамытудың психологиялық астарларын жинақтайды. Болашақ дене шынықтыру 
мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін қалыптастыру үрдісі білімгерлердің 
осы әрекетке деген ынтасының ішкі түрткісі немесе мотивтерінің болуымен 
тікелей байланысты. 
Біздің моделіміздегі болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің өз 
рефлексивті мәдениетін қалыптастыруүдерісі ең алдымен 
болашақ дене 
шынықтыру мұғалімінің педагогикалық әрекетке оң қатынасы; рефлексиялық 
әрекетке 
жағымды 
қызығушылық; 
сәттілікке, 
табысқа 
жетуге 
ынталылық
сияқты 
білім 
алушының 
ішкі 
түрткілерін 
білдіретін 
көрсеткіштермен сипатталады. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінде 
осындай ынта ықыластың болуы, біз қарастырып отырған рефлексиялық 
мәдениеттің қалыптасуының тиімділігін арттырады. Ал ЖОО оқытушысы 
аталған мотивтерді оята алуға сәйкес педагогикалық әрекеттер жасай алуы тиіс. 
Мазмұндық–әрекеттік компонент
модельді толтырудағы мазмұндық 
құрылымды анықтайды. Педагогикада мазмұн немесе білім мазмұны табысты 
оқуды қамтамасы ету үшін неге оқыту қажет, яғни білім мазмұны қандай болуы 
керектігін анықтап алуды міндеттейді.Сонымен қатар сол мазмұнды игеру 
кімдердің қандай әрекеттері арқылы жүзеге асатындығын реттейді. 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін даярлаудың мемлекет бекіткен 
стандарттарында, оқу орындары бекіткен оқу жоспарларында «Жалпы 
педагогика, дене мәдениеті және спорт педагогикасы», «Дене шынықтыру және 
спорт психологиясы» т.б. пәндер аясында студенттерді өз әрекеттеріне өзіндік 
баға беру жұмыстары жүргізіледі деп санаймыз. Дегенмен де мақсатты түрде 
рефлексия теориясы мен оның кәсіби білім алудағы орны мен ролі, қызметтері, 
түрлері мен қолдану әдістемесі қарастырылмайды. Себебі бұл мәселе ол 
пәндердің алға қойған мақсаты емес. Сондықтан болашақ спорт 
педагогтарының зерттеліп отырған сапасын қалыптастырудың тиімділігін 
арттыру үшін арнайы пән болуы керек деген шешімге келдік. 
Моделіміздің мазмұндық компонентінің негізгі ядросы болашақ дене 
шынықтыру мұғалімінің рефлексивті мәдениетін қалыптастыруға арналған 
элективті курсты құрастыру болып табылады. Зерттеу барысында «Спорт 
педагогының рефлексивтік мәдениеті» атты элективті курс дайындалып, 


67 
тәжірибеге ендіру, сол пән аясында«рефлексия», «рефлексиялық мәдениет» 
жайлы теориялық білімдер, рефлексияның түрлері, формалары, атқаратын 
қызметтері жайлы білімдер қалыптастыру көзделеді. Нәтижеде болашақ 
мамандардың 
рефлексивті 
мәдениетті 
қалыптастыру 
мазмұнын 
меңгеруі;әрекетті рефлексиялаудың дағдыларын игеруі қамтамасыз етіледі. 
Компоненттің әрекеттік бөлігібілім алушының өзінің танымдық әрекетін 
ұйымдастырушы өзі болатындай етіп, тұтастай білім берудің әдістемелік және 
технологиялық жағын инновациялауға бағытталған. Болашақ дене шынықтыру 
мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін дамыту: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет