Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет35/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
Мәдениеттанымдық тұғыр. 
Мәдениет адамның өзін -өзі тануы мен 
танытуын қамтитын әрекет. Бүгінгі күнгі білім мен тәрбиедегі көкейтесті 
мәселелерді тиімді шешу, әсіресе кәсібилік, шығармашылық деңгейлеріне 
адамның өзін-өзі алып шығуы педагогикадағы мәдениеттанымдық тұғырдың 
негiзгi ойларымен тығыз байланысты. «Мәдениет» ұғымының астарлары жеке 
адамның ғана емес, тұтас адамзаттың прогрессивті рухани және материалдық 
құндылықтарын көрсетеді.Ол жайлы философ Н.А.Бердяев кез келген 
материалдық мәдениет ең алдымен рух мәдениетінен бастау алады, оның 
рухани негізі бар екенін атап өтеді [158]. 
Адам мәдениетке оны жасаушы, тудырушы және оның негізгі нәтижесі 
ретінде қатысады. Ол қандай еңбекпен айналыспасын үнемі әрекеттің «сыртқы» 
нәтижелерімен қатар «ішкі» нәтижелері де, яғни адамның өзінің өзгеруі, оның 
қабілеттерінің, білік, дағдыларының дамуы орын алады. Соның нәтижесінде 
оның жаңа қажеттіліктері оянып, оларды қанағаттандырудың жолдарын іздейді. 
Біз қарастырып отырған болашақ дене шынықтыру мұғалімінің рефлексивті 
мәдениеті де тұлғаны мәдениеттің субъектісі-мәдени құндылықтарды білуші 
және жасаушы ретінде сипаттайтын мәдени компоненттердің жиынтығы 
ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін тәсіл. Мәдениет иесi деп танылатын 
тұлғаның діңгегі оның руханилығы болып есептеледі. Рухани даму негiзiнде 
адамдарға қызмет ету, өзiн-өзi тұрақты жетiлдiрiп отыру арқылы объектiден 
субъектiге айналуға деген қажеттiлiк жатыр. Сондықтан жоғары мәдениетті 
мұғалімнің ерекше сапасы - оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілiгiнде жатыр.


64 
Айтылғандар болашақ дене шынықтыру мұғалiмінiң рефлексиялық 
мәдениетінiң дамуының мәдениеттанымдық астарларының мәнi -оның 
педагогикалық әрекеттiң, ойлаудың, қарым-қатынастың мәдениетiн меңгеруі 
болып табылатындығын негіздейді.
Келесі кезекте біздің зерттеу жұмысымыздың бағыт -бағдарын 
айқындайтын әдіснамалық 
ұстанымдарға
тоқталамыз. Әдіснамалық ұстаным 
зерттеу нысанына алынып отырған педагогикалық құбылысты өзгертуге негіз 
болатын қағидалар жиынтығы. Ол ізденушіге, алға қойған мақсатқа жету 
жолын, қолданатын тәсілдер мен құралдардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік 
береді. Осы себепті, ұстаным практика үшін реттеуші, бағыттаушы, 
болжаушылық күшке ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет