Адам дүниедегі ең басты құндылық. Құндылықтар оның қоршаған дүниеге қатысты ұстанымдары мен қатынасын қалыптастыру, күрделі әрі өзгермелі әлемде бағыт-бағдарын айқындауға әсер етеді



Дата14.12.2021
өлшемі32,6 Kb.
#127311
Байланысты:
Адам дүниедегі ең басты құндылық


Адам дүниедегі ең басты құндылық. Құндылықтар оның қоршаған дүниеге қатысты ұстанымдары мен қатынасын қалыптастыру, күрделі әрі өзгермелі әлемде бағыт-бағдарын айқындауға әсер етеді. Тек тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде адами әрекет құндылықтар арқылы реттеліп отырады. Аксиология құндылықтар табиғаты оларды реалдылықтағы орны және құндылық әлемінің құрлысы, өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрлысымен байланысы туралы философиялық ілім. Кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін, оның адамгершіліктік санасын білдіреді. Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды, сұлулықпен ұсқынсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, тиым салынған мен рұқсат етілмегенді, маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Яғни құндылықтар табиғатында адамзат тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді рухани-практикалық тұрғыдан игерудің тәжірибесі жинақталған. Осы тұрғыдан мәдение пен құндылық ажырамас бірлікте болады, құндылық мәдениет болмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрып, нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттермен анықталады және ол адам тұлғасының дамудеңгейінің көрсеткіші болып табылады. Кең мағынасында алсақ, құндылықтар әлемі- мәдениет әлемі. Адам әрқашан кез-келген құбылысқа немесе обьектіге өзінің бағасын береді. Бір затты немесе құбылысты бағалау сана жұмысын талап етеді. Адамның шындыққа құндылықты қатынасы тек сананың негізінде ғана мүмкін болады. Алайда құндылықты сананың танымдық санадан ерекшелігі, ол зат немесе құбылыс не болып табылады деген сұраққа жауап іздейді. Сондықтан құндылықтар адамның рухани әрекет саласы, оның санасының (өзіндік санасының) жетілгендігінің, тұлғалық қалыптасу-деңгейінің, рухани байлығының көрсеткіші болып табылады. Адамның еркін таңдауына байланысты құндылық адами қажеттіліктердің қанағаттануын да білдіреді. Бірақ қанағаттану құндылықтардың табиғатын бұрмалап қабылудауға алып келуі-де мүмкін. «Мақсатыңа жету үшін құралдың бәрі жақсы» деген ұстаным адамды құндылық емес, мақсаттың құралы ретінде қарастыруға жол ашады. Бұл ұстанымда тұлғалық құндылықтар мен қасиеттерге қарағанда функционалдық тиімділік, пайдалылық алдыңғы қатарға шығады. Сондықтан шынайы құндылықтар мен жалған құндылықтардың аражігін аша білу, тани білу маңызды болып табылады. Шынай құндылықтар деп — адамға игілік әкелетін, оның бойында адамдық қасиеттерді қалыптастыратын, бақытқа бастайтын, қоғам мен жеке адамның ілгерлей дамуына ықпал ететін құндылықтарды айтамыз. Алдамшы жалған құдылықтар, уақытша жылтырап көрінгенімен, қоғам мен жеке индивидтің дамуына пайдасын тигізбейді. Шынай құндылықтар уақыт өткен сайын жарқырай береді, сан ғасырлар өтседе өзінің мәні мен мағынасын жоғалтпайды. Шынай құндылықтар өмір мектебінің дәрістері тәрізді, онда бізге дейінгі адамзаттың маңдай алды өкілдерінің рухани ізденістері, ой-толғамдары, аңсаған армандары мен күңіренген күрсіністері көрініс табады. Адам өз мінез-құлқын, әрекетін басқа адамдардың қылықтарымен салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсінеді, өзін-өзі тану қабілетіне жетеді. Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттері мен анықталады және ол адам тұлғасының даму-деңгейінің көрсеткіші болып табылады Этикалық категориялар - моральдың маңызды аспектілері мен элементтерін көрсететін этика ғылыми аппаратының негізгі ұғымдары. Этика категорияларының ерекшелігі - олардың көпшілігі қарапайым тілдің сөздері, мысалы, «жақсы», «бақыт», «бостандық» және т.б., өйткені этика пәні адамдардың өмірімен тікелей байланысты. Этика туралы негізгі түсінік - жақсылық категориясы. Оның көмегімен берілген құбылыстың жағымды моральдық сипаты көрсетіледі. Қарамақарсы жағымсыз моральдық бағалауды білдіретін зұлымдық түсінігі. Әрине, жағымды немесе жағымсыз сипаттамалар белгілі бір моральдық идеялардың негізінде беріледі. Қазіргі этикада жақсылық пен жамандық - бұл немесе басқа құбылыстың моральдық бағасы. Олар адамның әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Алайда, бұрын жақсылық пен жамандықты адамдар зат немесе жеке тұлға ретінде қабылдады (Құдай, шайтан). Мораль ұғымы моральдық идеал ұғымына өте жақын. Идеал дегеніміз - белгілі бір жоғары модель, адамгершілік әрекеттің түпкі мақсаты. Этикалық идеалды кемел тұлға ретінде елестетуге болады, оған үлгі болады. Сондай-ақ, ол тиісті қоғам туралы, үйлесімді әлеуметтік құрылым туралы идеяларды көрсете алады. Бұл жағдайда әділеттілік ұғымы адам қызметі мен оны басқа адамдар, қоғам бағалауы арасындағы сәйкестік өлшемін сипаттайтын маңызды рөл атқарады. Адамның адамгершілік іс-әрекетінің маңызды элементі болып табылатын идеалдар оның өмірін мағынамен толықтырады. Бұл жағдайда әрбір нақты әрекет саналы, жалпы құндылықтармен байланысты болады, яғни. мінезқұлықтың жалпы сызығына енетін моральдық мағыналы көріністер. Идеал ұғымы моральдық норма ұғымымен тығыз байланысты. Шынында да, адамгершілік үлгіге сай болу үшін адам белгілі бір шарттарды сақтау керек. Норма - мұндай жағдай, адамға қажеттілік түрі. Этика тарихы бізге көптеген түрлі нормаларды, атап айтқанда, әйгілі Декалог - ескі өсиеттің он өсиетін береді. Норманың мақсат емес, құрал екенін ұмытпаған жөн. Бұл өздігінен емес, идеалды негіздеуімен де маңызды. Идеалмен байланыссыз, норма формальды және моральдық мазмұннан айырылған. Нормаларды адам өзінің құндылық бағдарына оңтайлы түрде қабылдай алады, демек, қажет және ішкі импульске айналады. Бұл жағдайда норманы сақтау міндетке айналады, яғни. адамның жеке міндеті, оның міндеті. Міндеттеме - бұл іс-әрекеттің қажеттілігін түсінудің моральдық формасы. Адам дұрыс іс-әрекетті өз еркімен, идеалды, моральдық заңға және өзі үшін құрметке байланысты жасайды. Қарыздың маңызды сипаты - бұл адамның еріктік сипаттамасымен байланысты, өйткені өз міндетін орындау үшін ол көптеген қиындықтарды жеңуге мәжбүр (сыртқы және ішкі). Парызды түсіну жеке және қоғамдық өмірде маңызды рөл атқарады. Адамның түсіну, сыни тұрғыдан бағалау және оның мінез-құлқындағы сәйкессіздікке сәйкес келу қабілеті ар-ождан ұғымымен сипатталады. Арождан - өзін-өзі басқарудың өзіндік моральдық-психологиялық механизмі. Адамның іс-әрекеті үшін жауапкершілік - адамның басты сипаты. Адамның бір моральдық норманы екіншісінен артықшылығы таңдау тұжырымдамасында бекітілген. Таңдау мүмкіндігі адамның өмір сүруінің маңызды белгісі - ерік-жігерді білдіреді. Бостандық категориясы этикадағы шешуші мәнге ие, өйткені моральдық шындық адамның өз бетінше әрекет ету қабілетіне негізделген. Еркін жасалған әрекет үшін ол толықтай жауап береді. 2. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және категориялық императив (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Конфуций (лат. Confucius, қыт. 孔子, немесе қыт. 孔夫子, "Коң әулие"; бзд.551-бзд.479) — көне қытай ойшылы болып, оның ілімі мен философиясы көне Қытай мәдениетіне, сондай-ақ Корея, Вьетнам және Жапония мәдениеттеріне үлкен ықпал еткен. Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмеген. "Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік", — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы. Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-дзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-дзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырып отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-дзы философиясының негізгі өзегі болып табылады. Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь және ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі - әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсатмүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр. Осындай этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принцип “чжень мин” ілімінде көрініс тапқан. Мұнда Конфуций [[қоғам|қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойынша мемлекет – үлкен отбасы). Ол ел билеушілерін халықты заңдар мен жазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар жәрдемімен биік адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі ету жолымен басқаруға үндеді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: “Билікке қалай жетуге болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, – деп жауап берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”. Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саясиәлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім. “Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар ма?” деген сұраққа орай Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”, – деп жауап берген. Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда. Конфуцийдің ізбасарлары оның ілімін басшылыққа алып, дамытып отырды. Мысалы, Мэнцзы (б.з.б. 372 – 289 ж.) өз тұжырымдамасында басқарудағы басты рөлді халыққа берді. “Мемлекетте халық ең бастысы болып табылады, – деді ол, – одан кейін топырақ пен дән рухтары, ал ең соңғы орында ел басшысы тұрады”. Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді [[иерархия|иерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету және қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Имануэль Канттың категориялы императиві - адам ойының ең жұмбақ жемістерінің бірі. Менің ойымша, бұрынғы және қазіргі философтардың ешқайсысы бұл тұжырымға қарсы болмайды; Категориялық императивтің, әсіресе оның формуласының дәл тұжырымдамасын түсіндіруге және түсіндіруге арналған шексіз әрекеттеріне ешкім таң қалмайды: «тек осындай максимумға сәйкес жасаңыз, оны басшылыққа ала отырып, сонымен бірге сіз оны жалпыға ортақ заңға айналуды армандай аласыз» [1]. . Кантқа қатысты мұндай ұсақ-түйек сөйлем «лас трюкпен» туындауы мүмкін - мұқият, тек өзіне тән бірнеше сыншылардың конустары жинақталған ұғымдарды туралау. Егер бұл категориялық императивке арналған бұл үндеуде «мәселенің түпкілікті және толық шешіміне» тағы бір талап қойылмаса ғана, мұны есте ұстаған жөн. Категориялық императивтің өзіндік (пост-канттан кейінгі) философиялық тарихы соншалықты берік болғандықтан, біздің заманымызда ол туралы бір кездері Систин Мадонна туралы айтқанды дұрыс айтуға болады: «Бұл ханым сонша ғасырлар бойы және ондай адамдар көптеген әсер қалдырды. ол өзі таңдайтын және кімге ұнамайтынын өзі таңдай алады. ” Категориялық императивтің келесі үндеуі Кантты осындай ерекше дизайн жасауға итермелеген теориялық уәждеме саяси-философиялық тәсілдің ұрығын қоздырады деген сеніммен шабыттандырады. Саяси философияның саяси философия туралы не екенін әлі күнге дейін аз адамдар біледі деп дау айтуды жөн санаймын. Бұл сенімділік мен ұсынған талдауды Кантия зерттеулеріндегі талпыныстар санатынан Кант идеяларының жаңа (немесе салыстырмалы түрде жаңа) теориялық және философиялық бағыттарды қалыптастырудағы маңыздылығын көрсетуге бағытталған жұмыстар санатына ауыстырады. Әдептілік метафизикасының негіздерінен бастау орынды. Кант бұл жұмысты тезиспен ашады: олар «маңызды философия» тақырыбы болғандықтан, табиғат заңдары да, бостандық заңдары да болуы мүмкін [2]. Бұл бөлінудің өзі проблеманы алға тартады: табиғаттың күшінде тұрған адам, сонымен бірге, табиғи заңдылықтар саласынан «шығады», бірнеше жағынан бұл заңдар оған үстемдік етпегендей әрекет етудің ерекше қабілетін көрсетеді (демек, «бостандық заңдары» өрнегі) »). Дәлірек айтқанда, адамдардың әрқайсысының өмірінде кейбір қосымша (табиғатта анықталмайтын) мәжбүрлеу күштері болады: олар адамдағы адам үшін жауап береді. «Адамның» мәні - жеке тұлға. Міндеттеме сезімі, адамның атқаратын міндеттері - бұл «жеке бақыт» аспектісінде ештеңе берместен (және кейде оған зиян тигізбейтін) әрбір адамның өміріндегі ерекше элемент. Сонымен бірге, зерттеу қызығушылығы адамның табиғатына байланысты міндет сезімін өзгерту екендігімен байланысты емес (бұл үшін Канттың пікірінше, әркімнің көптеген себептері бар), бірақ тұжырымдаманың жиі жеткізілетіндігі әлі де бұзылмайтындығына байланысты, бұл қоғам тұтасымен байланысты. ешқашан «бәріне қарсы соғыс» күйіне енбейді және кейде тұңғиықтың шетінде жүреді, соған қарамастан, түпкілікті ыдырау міндеті туралы идеяларды қолдана бермейді. Міндеттеме ұғымын жұмбақ ету үшін, теория ерік күшін мәжбүрлеудің әр түрлі түрлерінің барын постулаттауға шақырылады, ең күшті тәжірибесіз шыққан; мәжбүрлеудің бұл түрі «сөзсіз және объективті, демек, жалпыға бірдей қажеттілік түсінігіне» сәйкес келеді [3]. Мұндай мәжбүрлеу жағдайларын Кант категориялық императив тұжырымдамасы бойынша келтіреді. Оның көмегімен философ «біз міндет деп аталатын ұғым бос емес пе деген мәселенің шешілмегенін қаласақ та, біз, ең болмағанда, осы тұжырымдама арқылы не ойлағанымызды және оларға не айтқымыз келетінін көрсете аламыз» дейді. 3. Жүсіп Баласағұн философиясындағы әділеттілік мәселесі. «Құт», «қанағат», «тәуба», «әділет», «сабыр» категориялары. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «адам» тұлғасын қалыптастыратын рухани дүниенің тазалығын өзек етіп, өз заманының қоғамдық-әлеуметтік жағдайына байланысты «адам» ұғымын құрайтын негізгі жақсы және жаман қасиеттерді билеушіге, яғни үстем тап өкілдеріне қатысты айтады. Мәселені әмірші-патшадан бастап ақын «ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті – түзу, сөзі – шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт» екенін жазған. Поэмадағы адамгершілік аясына шоғырланған ойларды көне түркілік, шығыстық сарындағы тілдік бірліктермен, афоризмдермен, мақалмәтелдермен, тұрақты теңеулермен берілген. Афоризм (нақыл сөз) –мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. «ХХІ ғасыр – білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі»(Н.Ә.Назарбаев), «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» (Абай). «Құтты білік» - өз дәуірінің адамгершілік принциптері мен этикалық нормаларының бейнесі іспеттес шығарма саналған. Дастанда ақын әділдік, ақыл-парасат, бақ-дәулет, қанағат-ынсап туралы ой толғайды. Сондай-ақ адамгершілік, оқу-білім, тәлім-тәрбие, әдептілік хақында өсиет-ғибрат жасайды. Ең бастысы –өз заманында «Құтты білік» дастанын мемлекетті басқару жөніндегі заң ережелер жинағы ретінде танылған болатын. Өйткені шығармада ел басқару принциптері орта ғасыр философиясы жырланды. Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде дәл осындай қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәселелер күн тәртібінде тұрды. Олар қалың бұқара халық пен ел билеуші әкімдер арасындағы қарым-қатынас нормалары, әрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері, мемлекетті басқару принциптері және тағы басқа көптеген әлеуметтік ахуалдағы мәселелер қамтыды. Ж.Баласағұн ойшыл ретінде өмір жолын, адам тағдырын және ел болашағын біріктіре талқылауды, адам болудың құндылықтарына, қасиеттеріне және тәсілдеріне деген байырғы қалыптасқан дағдыны қайта қарастыруды, толықтыруды мақсат тұтады. Рухани кеңістікті кеңейтудегі мақсат - адам болмысының әлеуетін, кісілік қасиеттердің қуатын ашып беру, адал еңбектенушілердің еңсесін көтеру, жалқаулар жатып ішуге неге бейім екендігін әшкерелеу, көпшілікті жағымды ниетке тоғыстыру, түбірінде рухани жаңғыру мен мәдениетке жол ашу еді. Рухани құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу және насихаттау жұмыстарын ретке келтіру, оған жаңа серпіліс енгізу - рухани жаңару мен гуманистік дәстүрді жалғастырудың басты шарттары. Оған дәстүрлі пікірлер мен дәйекті болжамдар демеулікті үдетті. Өркениет кезінде адамгершілік тәртібі мен тәжірибесі алдымен сынға ұшырады, солай болса да адамгершілікке, тектілікке негізделген қарым-қатынас көркейді, тағзым күшейді. Адамгершілікке бет бұру - ізгі жүрек ізгілігінен, туған жері, еліндегі тұма бастаулар мен мінез ерекшеліктерін іздестіруге ұйытқы болды. Ал ойлы іс-әрекет еркіндігі, көркемдік және ғылыми-философиялық шығармашылық қарқынының ауқымдануы - адам болмысына және ел бірлігіне деген қызығушылықты арттырды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, дастанның идеялық композициясы төрт ұлы ұғымнан, төрт қымбат қасиеттерден: 1) шындық жолы, Әділет; 2) құт пен ырыс, Дәулет; 3) Ақыл менен парасат; 4) ұстамдылық, Қанағат ұстанымнан құрастырылуы тегін емес. Ж.Баласағұн ұстанымында мұндай жеке кісілік қасиеттер бір-бірімен тұрақты үйлескен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет