Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

зертханалық жұмыс. 
Proteus
 туысының бактерияларын элективті 
дақылдарын бөліп алу.
 
Proteus vulgaris
түрінің бактериялары табиғатта кең таралған, әдетте 


шіріген белокты өнімдерде кездеседі. Олар индол, скатол, күкірттісутек 
сияқты жағымсыз иісі бар өнімдерді түзе отырып, белоктарды белсенді 
ыдыратады. Көмірқышқыл мен сутектің қышқылдары мен газын бөле 
отырып көмірсуларды ашытады. Олар сапрофиттерге, факультативті 
анаэробтарға жатады. Клетка пішіні ұсақ таяқшалар, спора түзбейді және 
Грам бойынша боялмайды. Дамуына қолайлы температура 37°С, бірақ 25°С 
температурада да жақсы дамиды. Аса қозғалғыштық протеяларға тән 
ерекшеліктердің бірі. Жинақтаушы дақыл алу үшін оны ілеспелі 
бактериялардан бөліп алу кезінде және де түрлі объектілерден протеяларды 
анықтауда (Шукевич әдісі) осы ерекшелігін пайдаланады. Протеялардың 
кейбір түрлері токсин бөлуге қабілетті. Бұл микроорганизмдердің көп 
мөлшері болатын өнімді пайдалану улануға әкеп соқтыруы мүмкін. 
«Қиғаш» 
агары 
бар 
пробиркадағы 
конденсацияланған 
суға 
микроорганизмдермен зақымдалмауы үшін агардың бетіне тигізбей, 
ұқыптылықпен көлемі 3x3x3 мм болатындай тұрып қалған ет тілігін салады. 
Ол үшін «қиғаш» агары бар пробирканы агар үстінгі жағында болатындай 
етіп тігінен ұстау керек. Ет тілігін қысқышпен алып, пробирканың түбіндегі 
қабырғасына 
орналастырады. 
Конденсацияланған 
суға, 
етті 
бактериологиялық ине көмегімен пробирка түбіне орналастырады. 
Пробирканы мақта тығынмен жауып, тігінен 30°С температураға 
орналастырады
Келесі сабақта, протеяларды өзіне тән дақылдық белгілеріне, «қиғаш» 
агардың бетіндегі қабаттың сыртқы көрінісіне және микроскопиялық 
бейнесіне қарай анықтайды. Ол үшін «жаншылған тамшы» препаратын 
дайындап, басым клеткалардың клетка пішінін анықтайды. Сонымен бірге, 
«жаншылған 
тамшы» 
препаратын 
микроорганизм 
клеткаларының 
қозғалғыштығын анықтау үшін де дайындайды. Препараттағы басым 
бактериялардың белгілерін протеяларға тән белгілермен салыстырады: басқа 
бактериялардың болуы мен оныі санын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет