BestProfi



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата30.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#151299
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
r-bilim-zh-ne-ylym-ministrini-603-b-jry-y

Additional:
1. Vijay K. Vaishnavi, Vijay K. Vaishnavi, William Kuechler Design Science Research Methods and Patterns: Innovating Information
and Communication Technology, 2nd Edition 2015 by CRC Press
2. Hans J Schnoll E-Government: Information, Technology, and Transformation: Information, Technology, and Transformation
(Routledge, March 12, 2015 - Political Science - 343 p.)
3. The Millennium Development Goals Report 2015, United Nations, New York, 2015
4. Maximizing Mobile //2012 Information and Communications for Development. World Bank, Washington D.C., 2012, 244 p.
5. Doing Business 2016 Measuring regulatory Quality and Efficiency / World bank Group Flagship Report, 2016. Usha Rani
VyasuluReddi. Primer Series on ICTD for Youth. Primer 1: An Introduction to ICT for Development A learning resource on ICT for
development for institutions of higher education, 235 p.


берудің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес 240 академиялық сағатты (8
академиялық кредитті) құрайды.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік
бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде
(контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру
болып табылады.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін
зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі
принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту,
әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
4) студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері
мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану
дағдыларын үйрету;
6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие
болады:
оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану, саясаттану,
мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым, ой, теория);
1) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі
ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
2) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми
әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
3) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы
әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
4) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ
қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
5) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық
институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
6) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени
құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;
7) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің
әртүрлі жолдарын айыра білу;


8) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында
қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның
даму болашағын жобалай алу;
9) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар
жасай алу;
10) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық
бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
11) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде
қорғай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет