Білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»



бет27/35
Дата08.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#195523
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
«Фармакогнозия» пәні бойынша

Таза клетчатка – суда ерімейтін және әдеттегі еріткіштерде ерімейді. Қабықта, тамырда, сүйектерде ағаштанған клетчатка болады. Өсімдік клетчаткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі.
Целлюлоза – Өсімдіктер клеткалары қабырғаларының сүйегі, сүйеніші.
Пектинді заттар – өсімдіктер мүшелерінің клеткааралық заттары. Өсімдікті қайнатқанда пектинді заттар суға ауыспайды, салқын суда ерімейді.
Салқындатқанда мөлшеріне байланысты, сілікпе немесе қою коллоидты ерітінді пайда болады.
Шырыштар (слизи) – табиғаты полисахаридті зат.
Крахмал полисахарид, дән тәрізді клеткадағы заттар өте жиі тамырларда, тамырсабағында, тамыржемісте кейбір тұқымдарда болады. Салқын суда ерімейді. Т0600С-тан жоғары болғанда жабысқан коллоидты ерітінді түзіледі, глюкоза босап шығады.
Көмірсулар – моно-ди-олиго және полисахаридтер. Өсімдіктердің бәрінде, барлық мүшелерінде болады, Әсіресе жемістерге, суда онай ериді.
Белокті заттар – барлық өсімдіктерде өте мол тұқымдарда болады.
Шыны майлар – қорлық және каптап орап алатын заттар. Жапырақтарда пайда болып сосын өсімдіктің барлық басқа мүшелеріне ауысады. Қорлық зат ретінде тұқымдарда кейінге қалдырылады.
Пигменттер – барлық өсімдіктерде болатын заттар, жасыл бөліктерінде-хлорофилл, қызыл, қызыл-қоңыр, сары-каратиноидтар, флавоноидтар, антрахинондар, антоциандар. Олардың ең көп мөлшері – гүлдерде, жемістерде жинақталады.
Органикалық қышқылдар. Көмірсулар, органикалық қышқылдар және белоктармен қатар органикалық қышқылдар өсімдіктер мүшелерінде ең көп кездесетін заттар қатарына жатады, олар әсіресе көп мөлшерде шырынды жемістерде, жапырақтарда, азырақ мөлшерде өсімдіктердің басқа мүшелерінде кездеседі.
Смолалар – көмірсутектер, эфир майы, каучук, өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады.
Өсімдіктердегі минералды заттар екі топқа бөлінеді: 1) Макроэлементтер 2) Микроэлементтер, олар туралы жоғарыда айтылды. Дәрілік өсімдіктердегі минералдық элементтердің болуы олардың күліне байланысты болады. Шикізаттың түріне байланысты күлінің мөлшері 3% дан 25% дейін болуы мүмкін (Муравьева, 1991).
Липидтер Жоғарғы май қышқылдарының және глицериннің немесе басқа копатомды (жоғары молекулалық) спирттердің күрделі эфирлері. Өсімдіктерде липидтер барлық ұлпаларда болады, әсіресе көп мөлшерде тұқымдарда және жемістерде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет