7.2 Органикалық және бейорганикалық заттар
7.3 Табиғат және адам үшін минералды тұздардың да рөлі
7.4 Табиғи және жасанды материалдар
Таза заттар – тұрақты физикалық қасиеті бар заттар. Таза зат табиғатта болмайды, болған жағдайда да өте сирек. Таза заттардың тұрақты құрамы немесе құрылымы (тұз, қант) болады. Таза заттар элемент немесе қосылыс болуы мүмкін.
Қоспалар – әртүрлi заттардың жиынтығы. Олар – сұйық, қатты және газ тәрiздi деп бөлiнедi. Мысалға, ауа – газдың қоспасы (азот, оттек, көмiрқышқыл газы және т. б). Теңiз суы – қоспа(ерітінді), тұздың (қатты зат) және судың (сұйық зат) қоспасы, балмұздақ – мұздың, қаймақтың, аромизатордың, кейде дәмдеуіш бояулардың қоспасы. Сусынның көпіршік шығып тұруы үшін көмірқышқыл газын қосады.
Темiрдiң және бордың ұнтағын бiр-бiрiмен араластырсақ, темiрден ақшылдау, бордан күңгiрттеу (қоюлау) түс пайда болады. Бiр заттан екiншi затты қалай ажыратуға болады?
1. Заттарды магнит арқылы ажыратуға болады. Жаңағы қоспаның жанына магниттi жақындатсаң темiр ұнтағы жабысып, бордың ұнтағы сол жерде қалып қояды.
2. Егер де оларды ыдысқа салып үстiне су құйсаң, бор судың бетiне қалқып шығады да, темiр ыдыстың түбiнде қалады.
Металлургия өнеркәсібінде жоғары сапалы материал алу үшін металдарды бір-біріне қосып – балқытылған қоспа алады. Балқытылған металл – құрамы екі немесе бірнеше элементтен тұратын және металл компоненттері басым болып келетін металл қоспасының материалы.
Ерігіштік – суда немесе басқа сұйықтықта заттардың еру қасиеті. Кейбір заттар суда өте жақсы ериді. Кейбіреулері аз мөлшерде ерісе, үшінші біреулері мүлдем ерімейді. Суда қатты, сұйық, және газтәріздес заттар да ери беруі мүмкін.
Суда еру деңгейіне қарай заттар үш топқа бөлінеді: 1) жақсы еритіндер; 2) баяу еритіндер; 3) ерімейтіндер.
Шөлмек, күміс, алтын – суда ерімейтіндерге мысал ретінде келтіруге болады (ерімейтін заттар). Олардың қатарына (сұйық заттар), керосин, май және (газтәріздес заттар) газды қосуға болады. Көптеген заттар суда біршама жақсы ериді. Мысалы, қант, мыс купорос, спирт.
Ыстық шайда қанттың еру жылдамдығы суық шайға қарағанда біршама жылдам өтеді. Себебі, қанттың ерігіштік қасиеті суық суға қарағанда, ыстық суда жоғары.
Аз еріген заттары бар ерітіндіні, араластырылған ерітінді дейміз, егер де құрамында еріген заттары көп болса – концентрацияланған дейміз.
Калии бромидінің 1% ерітіндісі – араластырылған ерітінді болса, 32%-ерітіндісін концентрациялы дейміз.
Ерітінді деп еріткіштің молекуласы мен еріген заттың кішігірім бөлшектерінен тұратын, физикалық және химиялық біртекті сұйықтық. Ерітіндідегі заттың құрамы көбінесе, үлес слмағы немесе пайызбен көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |