Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


Сілтілі, қышқылды бейтарап орталарды тәжірибелер жүргізу арқылы анықтау әдістері



бет34/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

6.2 Сілтілі, қышқылды бейтарап орталарды тәжірибелер жүргізу арқылы анықтау әдістері
Сулы ерітіндінің ортасы. Барлық сулы сілтінің өзіне тән орта- сы болады: бейтарап, қышқыл және сілтілі. Сулы сілтілі ортаны өлшеу үшін, сутегінің көрсеткіші арқылы анықтау енгізілген – рН (латын тіл. pundus hydrogenium – «сутегінің салмағы»).
рН- тың мөлшері, судың диссоциациялануы кезіндегі сутегі иондары санының судағы ара салмағы арқылы анықталынады. Дис- социация – молекулалардың ұсақ құры- лымдарға бөлініп ыдырауы. Сутегінің рН көрсеткіші арқылы қандай ерітінді бей- тарап, қышқыл және сілтілі екендігі екендігі анықталынады. Таза судағы сутегінің көрсет- кіші 7-ге тең.
рН-ты есептеуде әртүрлі индикатор қолданылады. Ол кез кел- ген сұйық ортаны анықтайтын арнайы заттар Күлгін лакмусты қышқыл ерітіндіге салғанда, ерітінді түсін қалай өзгертетінін анықтап көрейік. Бұл жағдайда лакмустың түсі ашық қызыл болады, егер ол сілтілі орта болса көк түске өзгереді.
Метилоранж индикаторы бейтарап ортада қызғылт сары, қышқыл ортада қызыл, ал сілтілі ортада түсін өзгертпейді. Фе- нолфталеин индикаторы қышқыл және бейтарап ортада өзгеріссіз қалады, сілтілі ортада қызыл күрең түске өзгереді.
Адам ағзасының қышқылды-сілтілі жағдайы. Адам ағзасы өмір сүруі үшін қышқылды және сілтілі өнімдерді тұтынады. Сіл- тілі өнімге қарағанда қышқыл өнімдерді 20 есе көп қабылдаймыз. Ағзаның қорғаныс жүйесі қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті рет- теп, артық қышқыл өнімдерді ыдыратып, бейтараптандырып оты- рады. Қышқылды-сілтілі тепе-теңдік метаболизмге және асқорыту- ға тікелей әсер етеді. рН көрсеткішінің 7,2-ге дейін төмендеуі адам денсаулығына қауіп туғызады.
Үйлестірілген тағам. Жеген тағамымыз ағзамызға пайдасын тигізуі үшін ол үйлесімді болуы қажет. Үйлестірілген тағамды білу үшін, оның қайсысы қышқылға, сілтіге және бейтарапқа жататындығын білуіміз керек.
Мысалы, бейтарап қоректік заттарға – дистилденген (тазартыл- ған) су, мұздатылған өсімдік майлары, сарымай жатады. Қышқыл тағамдар – барлық жануарлар өнімдері, астық өнімдерінің басым түрлері, кептірілген бұршақ тұқымдастар, ірімшік, сыр. Сілтілі тағамдар – көгөніс (картоп, жапырақ салаты), піскен жемістер, жаңғақ (жержаңғақтан басқасы), көк шөп, сүт, қатық, йогурт, қаймақ, жұмыртқаның сары уызы, минералды сулар, шөптен жасалған шай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет