Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет48/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

12.2 Экожүйенің ауысымы. Өсімдіктер систематикасы (топтары)
Қоректік тізбектегі заттар және энергия ағыны. Экожүйедегі компоненттер арасындағы байланыс қоректік негізге байланыс- ты. Қоректік тізбек органикалық заттар мен оның құрамындағы энергияның қозғалыс бағытын көрсетеді
Продуценттер, консументтер және редуценттердің Күн энергия- сын түрлендіруі, жинақтауы және қайта үлестіруі – экожүйедегі заттар айналымының негізі болып есептелінеді. Экожүйедегі энер- гияны үлестіру бағыты автотрофтардан (өсімдіктер) редуценттерге қарай жүреді. Алғашқы автотроф → продуценттер → консументтер→ редуценттер.
Экологиялық пирамида. Бір қоректік деңгейден екінші қорек- тік деңгейге өткен кездегі (жоғары деңгей) энергия мөлшерінің азаюы, қоректік деңгейлердің санына және жыртқыш пен жемтік- тің қатынасына байланысты. Бұл заңдылық, ағзалардың әрбір қоректік деңгейде қорегінің бар-жоғы 10% энергиясын тұтынуына байланысты қалыптасқан. Қалған энергия (90%) тыныс алуға, қозғалысқа жұмсалады және жылу ретінде шашырап кетеді. Гра- фика түрінде берілген бұл құбылысты – экологиялық пирамида деп атайды.
Экожүйенің ауысымына қандай себептер әсер етеді. Экожүйенің дамуына және ауысымына көбінесе климаттың кенеттен өзгеруі, Күн белсенділігінің тербелуі, тау түзілу үдерісі, жанартаудың атқылауы әсер етеді және әсер етуде. Бұл факторларды абиотикалық (өлі табиғаттың факторлары) фактор деп атайды.
Экожүйенің ауысымын түсіну үшін көлдің батпақтануын мы- сал ретінде қарастырып өтейік. Алғашында көлдің бетін қалқып жүрген әртүрлі өсімдіктер жайлап алады. Уақыт өте қураған және шіріген өсімдіктер көл табанына жинала бастайды. Көл табанындағы өсімдік және жануарлардың қалдықтарының көптігінен және оттегі жетіспегендіктен редуценттер оларды өңдеп, қорыта алмай- ды. Нәтижесінде шымтезек пайда болып, көл біртіндеп таязданып,біраз жылдан кейін батпаққа айналады. Біраз уақыттан кейін батпақтың айналасына ағаштар өсіп, біртіндеп орманға ауысады.
Осылай экожүйенің өсімдік және жануарлар түрі толығымен өзгереді. Бұрынғы көлдің орнында орман экожүйесі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет