Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.
Мамандандырылған несие-қаржы мекемелерікез келген елдің несие жүйесінің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда жинақ мекемелері инвестициялық қорлар және компаниялар, өзара көмек беру кассалар, ломбардтар және т.б.