Тақырып 7: Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі.
Дәріс мақсаты : Ұлттық банктің мақсаттарын, операцияларын қарастыру.
1.Ұлттық банктің мақсаттары.
2.Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары
3.ҚР-сы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
1.Орталық банктер бүкіл елдің несе жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, басқару беруші ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясаы анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
«ҚР-ң Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша ҚР-ң Ұлттық банкі ҚР-ң Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
ҚР-ң Ұлттық банкінің негізгі міндеті – ҚР-ң ұлттық валютатасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық банктің міндеттеріне келесілер жатады :
Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру
Ақша-несие банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу
Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, алымшылардың мүдделерін қорғау
Достарыңызбен бөлісу: |