Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару



бет25/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

Міндетті сақтандыру – заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру (өз денаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жіктелуі мүмкін емес )

Ерікті сақтандыру – тараптардың ерік білдіруіне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру

Жеке сақтандыруға : өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін, азаматтық жеке басына байланысты өзге де мүдделерді сақтандыру жатады.

Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:



  1. Банктің негізгі атқаратын қызметі?

  2. Банк деген ұғым нені білдіреді?

  3. Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесі қандай деңгейде?


Тақырып 6: Қазақстанның банк жүйесі.

  1. Банк қызметінің құрылуы мен тоқтатылуы.

  2. Банктердің Ұлтық банкпен қарым-қатынасы, банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым-қатынас

  3. Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.


1.Банк деген ұғым италиян сөзі «bank» - орындық, айырбас орындығы – айырбас орны дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең қарапайым түрі, қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VII-V ғ.ғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы таралып, тек XIII-XIV ғ.ғ. сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің ортылығы Италия, Германия, Нидерландия болып саналса, ал ерте капитатализм жағдайында Англия болған.

Банкті ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк ҚР-ң аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен , олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді. Рұқсат Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі. Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік опреациялардың шеңберін анықтайды. Банктің заңдар мен заң актілерінде банктердің қызметінің ашылуы мен оқтатылуы реттеліп отырады.

Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет :


  • рұқсат беруге арыз

  • экономикалық негіздеме

  • алдағы 2-3 жылдағы толық ақпараттарды қамтитын іскерлік болжалды жоспар

  • құрылтайшылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төраға мен бас бухгалтердің) кәсіби жарамсыздығы жайлы мәліметтер

  • құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық қорытынды

  • жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтын құжат.

Заңды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары ретінде бола алады. Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және қатысушысы бола алады. Кез келген құрылтайшылардың, қатысушылардың қатысу үлесі мемлекеттен және еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35 пайыздан аспауы тиіс. Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз-құжаты алған мерзімнен бастап, 3 айдан аспайтын уақыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады. Рұқсат беруден ба тартудың себептері мынада : құрылтайшы құжатының жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі, құрылтайшылардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы, банктің құрылтайшысының, басқарма және жетекші мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қайшы әрекеттің болуы, алғашқы 2 жыл ішіндегі банктің меншікті қаражаттар есебінен активтік операциялар жүргізе алмауы. ҚР-ң банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен бастап, банк заңды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номері және банктік операцияларын жүргізуге лицензия беріледі.

Банктер және банктік қызметер туралы заңға сәйкес, банкті ашуға рұқсат беруде бас тартуды санамағанда, банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензия келесідей жағдйларда қайта қайтарылып алынуы мүмкін



  • рұқсат берген күннен бастап, 6 айдан аса уақыт ішінде банк өз қызметін бастамаса

  • Ұлттық банк белгілеген нормативтерді, ҚР-ң жұмыс істеп отырған банктік заңдарды жүйелі түрде бұзу, жағдайлары анықталағн кезде

  • Заңмен белгіленген мәліметтер мен есеп берулерді жұйелі түрде бұрмалау

Банк акционерлері, құрылтайшылары бекіткен жарғы негізінде қызмет істейді . Банк жарғысында төмендегідей мәліметтер болуы қажет :

  • банк аты және оның орналасқан жері

  • банкпен жүргізілеін банктік операциялар тізімі

  • жарғы қорының мөлшері және банкпен құрылатын басқа да қорлардың тізімі

  • банктің басқарма органдары, оның бақылау органы, олардың құрылымы, құрылуы және қызмет ету тәртібі жайлы ереже

  • банкті тарату тәртібі

Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет