Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару



бет33/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

3-сұрақ. Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелдігі - бұл пайда мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан мүмкін болатын зиялдар. Соңғы уақыттарда, Батыста инфляция және реттеу саясатын жүргізу нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің артуы, тұрақсыздығы байқалуда. Пайыз мөлшерлемесінің артуы, тұрыс, пайыз әкелетін бағалы қағаздар бағасының түсуіне жол беру нәтижесіне банктің портфелінің құнсыздануына және бағамен зияндардың болуына әкеледі. Әр түрлі нарық сегменттерінің пайыз мөлшерлемелерінің секірмелі өзгерісі банктің операцияларының пайымдылығына қатты әсер етеді. Пайыздық тәуекелділік, қарыздар мен тартылған қаражаттардың қайтару мерзімдері сәйкес келмесе немесе активтік және пассивтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілдермен белгіленген жағдайда пайда болады. Соңғысын мысал ретінде, Ұлттық банк ресурстарды жоғары пайыздық жеңілдікпен несиеге берген жағдайдан көруге болады.

Банктiң тәуекелдi басқару жүйесiнiң болуы корпоративтiк басқаруға өкілеттіорган бекіткен талаптарға сәйкес келуiн, банктік заем операцияларын жүргiзу тәжiрибесiнiң, қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу тәжiрибесiнiң, активтер мен мiндеттемелердi басқару тәжiрибесiнiң болуын, ақпарат жүйелерiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң қалыптасуын қарастырады.

Банктің Директорлар кеңесі мен басшылығы ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банк қызметкерлерінің ішкі бақылау саласында өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.

Банктегі ішкі бақылау мынадай мақсаттарды:

1) банктің активтерін басқарудың тиімділігі мен пайдалылығын және шығын ықтималдығын болжайтын банк қызметінің операциялық және қаржы тиімділігін;

2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығы мен уақтылылығын. Аталған мақсат шынайы және сапалы қаржылық есептің жасалуын және шешімдер қабылдаған кезде банк пайдаланған басқа қаржы құжаттарын тексеруді болжалдайды;

3) банктің заңнамаларды, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ банктің ішкі саясаты мен рәсімдерін айқындайтын құжаттардың талаптарын тексеруді болжайтын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауды жүзеге асыру үшін жасалады.

15. Ішкі бақылау өзара байланысты бес элементтен тұрады:

1) басқарушылық бақылау;

2) тәуекелді анықтау және бағалау;

3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;

4) ақпарат және өзара іс-әрекет;

5) мониторинг және кемшіліктерді түзету.

Осы компоненттердің тиісінше қызмет етуі банктің тиімді қызметінің, ақпараттық жүйе жұмысының және пруденциалдық нормативтер мен уәкілетті орган белгілеген банктің өзге нормаларын және лимиттерін сақтаудың маңызды шарты болып табылады.

Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекті түрде жүру принципі бойынша қызмет етуі тиіс:

1) банктің ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу жолымен ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бақылау нәтижелерін есепке ала отырып) қалыптастыру;

2) жұмыста банктің ішкі регламенттерін пайдалану;

3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау.


Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

  1. Банк ісіндегі бәсекенің түрлері қандай?

  2. Шетел несиелері бойынша тәуекелділік?

  3. Пайыз мөлшерлемесі қалай анықталады?

Кепілдемелік әдебиеттер:

1.«Қазақстан Республикасының ақша жүйесi туралы» Заңы 1993 ж. 13 желтоқсан

2.«Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгiзу туралы» Жарғы 1993 ж. 12 қараша

3.«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» ҚР Президентiнiң заң күшi бар Жарлығы

4.Байназаров Г. «Инструмент независимости» // Банки Казахстана.- 2003.-№10.- 20 – 26 бб.

5.Береснева О. «Из истории денег» // Банки Казахстана.- 2001.- №2.- 53 – 54 бб.

6.Борисов Е.Ф. Экономическая теория: Учебник.- М.: Юристъ, 2001

7.Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары.- Алматы: Экономика, 2000

8.Лушина С.И., Слепова В.А. Финансы: Учебник.- М.: Экономистъ, 2003.- 21 – 67 с.

9.Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық.- Алматы: Экономика, 2003.- 176 – 192 бб.

10.Саниев М.С. Ақша. Несие. Банктер. : Оқу құралы.- Алматы, 2001.- 45 – 55 бб.

11.Сейiтқасымов Ғ.С. Ақша. Несие. Банктер. : Оқулық.- Алматы: Экономика, 2001.- 3 – 18бб.

12.«Финансы и кредит» журналы, 2005 ж., № 4,6

13.«Саясат» журналы, 2005 ж, № 1,3

14.«Экономика негіздері» журналы,2006 ж, № 1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет