Білім беру ұйымдары бойынша электронды үкімет мүмкіндіктерін пайдалану



Дата08.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#123446
Байланысты:
Аралық бақылау 1
Ментальды карта, Б лім орта та ырып ж не то сан бойынша бойынша жиынты ба алау , Тақырыбы Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетісті-engime.org, ТЕСТ Ұжым 7 топ, Аралық бақылау 1, ТЕСТ Ұжым 7 топ, отбасы тест (2), Оқу құралы, СӨЖ1, Көркем еңбекті оқыту әдістемесі Силлабус (1), 4 Тапсырма , Бейнедәріс сілтемесі.Қазіргі білім берудегі педагогикалық технологиялар, Тапсырма 1, Ғылыми зерттеу негіздері- Карта учебно -2022

Білім беру ұйымдары бойынша электронды үкімет мүмкіндіктерін пайдалану



Бірқатар дамыған елдерде «электрондық үкімет» қазіргі заманғы қоғам мен ашық мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың басты элементтерінің бірі болып табылады. «Электрондық үкімет» азаматтарға мемлекеттік қызметшілермен тікелей өзара іс-қимыл жасамай әлеуметтік маңызды мәселелерге жауаптарды оралымды алуына мүмкіндік береді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік сипаттағы барлық мүмкін болар кедергілерді алып тастайды, сондай-ақ ресми ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.

«Электрондық үкімет» – бұл мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру және оңтайландыру, қоғамды мемлекеттік басқару мәселелеріне тартуды арттыру және ішкі бизнес-процестерді жетілдіру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) мүмкіндіктерін пайдалану негізінде мемлекеттік органдардың ішкі және сыртқы қарым-қатынастарының өзгерісі.
Мессенджердегі қарым-қатынас, онлайн төлемдер, электрондық қызметтер – осының барлығы заманауи адамның күнделікті істерінің бір бөлігі болып табылады. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын қабылдай отырып, қазақстандықтардың өміріне қарқынды енген цифрландыру экономиканың жаңа моделін жасайды, онда тек базалық салалар мен бизнес қана емес, сонымен қатар қоғамның бүкіл өмірі де цифрленген.
Мысалы, eGov.kz электрондық үкімет порталы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге жылдам қол жеткізуі үшін жұмыс істейді. Бұл – өтініштер беру, анықтамалар алу, лицензиялар алу, есепке қою, тіркеу және басқа да операциялар сияқты қызметтер мен сервистер. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ басқа да көптеген ұйымдар, мысалы, банктер мен почта, қағаз құжат айналымынан құтыла отырып, өз жұмысын электрондық форматқа ауыстырады. Бірақ, барлық азаматтар жаңа технологияларды пайдалана алмайды. Оны шешу үшін халықты үйреншікті қызметтерді жаңаша пайдалануға үйрету қажет.
Ең алдымен, "цифрлық сауаттылық" терминінің бірыңғай түсінігін анықтау қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – адамның күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана білуі.
Кадрларды қайта даярлау саласында жергілікті атқарушы органдар халықты қажетті цифрлық дағдыларға оқытуды және қайта оқытуды тұрақты негізде жүргізетін болады. Сондай-ақ бұл іс-шара шағын және орта бизнес өкілдерін қамтиды.
Қажетті дағдыларды алғысы келетіндердің барлығына білім беру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ашық білім берудің платформасы құрылатын болады, ол бірінші кезекте қажетті инженерлік-техникалық бағыттар бойынша базалық дайындықты қамтамасыз ететін онлайн-курстар беретін болады, оларды құруға қазақстандық университеттердің үздік профессорлары мен өндіріс өкілдері тартылады.
2018 жылы Қазақстанның әрбір өңірінде (аудан орталықтарында, ауылдарда және кенттерде) халықты цифрлық сауаттылықтың базалық дағдыларына үйрету курстары өтті. Оқу курстары бір немесе төрт дағды бойынша өз құзыретін арттырғысы келетіндерге тегін берілді:

  1. "Базалық цифрлық дағдылар". Олар дербес компьютер мен ноутбук, мобильді құрылғылар, Интернет желісін сенімді пайдалануды қамтиды, сондай-ақ қауіпсіздік және деректерді қорғау тақырыптарын қамтиды.

  2. "Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер". Тақырып үйден шықпай-ақ, қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды қамтитын электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдыларын қамтиды.

  3. "Ашық үкімет". Бұл тақырыпқа оқыту Ашық үкімет порталының төрт компоненттерін пайдалану дағдыларын қамтиды: ашық деректер, ашық нормативтік-құқықтық актілер, ашық диалог және бюджеттер.

  4. "Электрондық сауда". Оқыту блогы онлайн тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату және жылжыту дағдыларын қамтиды.



Оқыту мектептер, колледждер және кітапханалар базасында өтті. Қазақстан бойынша курстар өткен 2 729 мекеме іске қосылды.
Цифрлық сауаттылықтың барлық 4 құзыретін 1-2 күн ішінде, топтың кестесі мен үлгеріміне байланысты зерттеуге болады. Көптеген адамдар бір дағдыны, ал бір уақыттан кейін екіншісін үйренеді. Бірінші аптада цифрлық сауаттылықты 140 мыңнан астам қазақстандық оқыды. Олардың ішінде көптеген зейнеткерлер мен курстар өтетін мектептердің мұғалімдері бар. Мысалы, Астана қаласының № 15 мектеп-лицейінде 15 адамнан тұратын сыныпта, оқушылардың жартысы – егде жастағы адамдар. Олардың көбісі үшін сабақтар – базалық компьютерлік дағдыларды үйрену үйде зерікпеу және немерелерін мазаламау үшін себеп болып табылады. Интернетте тауарлар сатып алу дағдыларына көптеген пайдаланушылар өз бетінше үйренеді. Бұл ретте, олардың интернет-дүкендермен өзара іс-қимыл тәжірибесі маңызды. Оқушылардың айтуынша, интернет-дүкен ұзақ тіркеуді талап еткенде тауарды рәсімдеу процесі қиындықтар туғызады. Ересек ұрпаққа өту қиын тағы бір кедергі – қолма-қол ақшасыз төлем. Цифрлық сауаттылық курстарында ғаламторда төлемді қалай қауіпсіз және тез жүргізу керектігі түсіндіріледі.



Цифрлық сауаттылыққа оқыту курстары Қазақстанның барлық аймақтарында сәтті басталды. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83%-ға дейін кезең-кезеңмен арттыру жоспарланып отыр.



e.Gov портпалы кіру арқылы келесі мәліметтерді көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет