Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Қылмыс құрамының элементтері және белгілері



бет42/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қылмыс құрамының элементтері және белгілері.
Әр қылмыс - объективті және субъективті диалектикалық іс-әрекет жасушылық және іс-әрекеттік.
Қылмыс құрамының элементтері – «қылмыс құрамы» жүйесінің компоненттері. Олардың құрамына байланысты олар құрамның 4 жүйесіне кіреді: объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы.
Қылмыс құрамының белгілері - қылмыстың әр элементтерін мінездейтін айырмашылықтың ерекшеліктері. Олар қылмыс құрамының ерекшелігін айырып шығаруға, олардың іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінезіне байланысты айырмашылығын және де қылмысты қылмыс емес құқық бұзушылықтан айыруға жол ашады.
Қылмыстың объектісі - бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын және қылмыс арқылы зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар болып саналады.
Объективтік жағы - тұлғаның іс-әрекетінің сыртқы жағын сипаттайды.
Субъект - заңда белгіленген жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға.
Субъективтік жақ - іс-әрекеттің ішкі (психикалық) мәні.
Кінә - қасақана мен абайсыздықтың тектік түсінігі қылмыстың субъектісінің жасаған қоғамды қауіпті әрекетіне және өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетінің нәтижесіне деген психикалық қатынасы; Ниет - субъектінің қылмыс жасау барысында басшылыққа алатын қажеттіліктер мен мүдделері және қылмыс жасау барысында нәтижеге жетуге тырысу - мақсат осылар қылмыстың субъективтік жағын құрайды.
Әр қылмыстың құрамы субъективтік және объективтік белгілерінің жиынтығы ғана емес, әр қылмыс адамның іс-қимылы ретінде бір бүтін тұтастық. Қылмыстың құрамының элементтерінің бірлігі қылмыстық құқық теориясының ережесі, яғни 4 элементінің біреуінің болмауы тұлғаның іс-әрекетінде қылмыстық құрамының жоқтығын айтады.
Егер қылмыс құрамының элементтері - оның бір құрылымның қажетті бөлігі болса және бірнеше белгілері болса, ал құрам белгілерінің өз құрамы элементтерін сипаттайды және құрамның элементтерін жекелейді.
Жалпы қылмыс құрамы туралы оқу барысында барлық құрамның белгілерін негізгі және факултативті болып бөледі. Негізгі белгілері - бұл барлық қылмыстарға тән белгілері және бұл белгілерсіз ешқандай құрам бола алмайды. Осыған байланысты әр құрамда нақты объектісі, әрекет, кінә, субъектінің есі дұрыстығы және заңда көрсетілген жасқа жетуі анықталуы тиіс. Осы белгілердің біреуінің болмауы,қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.
Факултативтік белгілер болса басқаша болып келеді. Факултативтік белгілер бұл бір құрамдар үшін міндетті, ал басқа құрамдар үшін міндетті емес белгілері болып келеді. Мысалы: адам өлтіру үшін ниет міндетті түрде қажет, ал ұрып соғуда ниет міндетті түрде қажет емес. Факултативтік белгілер заңшығарушымен кейбір қылмысты немесе бір топ қылмыстарды суреттеу үшін қолданылады. Әрине құрамның белгілерін осылайша саралау тек қылмыс құрамының жалпы түсінігі үшін ғана жасалады. Нақты қылмыс құрамында негізгі және факултативті белгілер жоқ - бұл жерде барлық белгілер қажет болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет